КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Семей облысында 1947 жылы полигон құрылды, онда 1949-1989 жылдар аралығында ядролық қару сынақтары жүргізілді.
Осы сынақтар нәтижесінде полигонға іргелес жатқан елді-мекендер ұзақ жылдар бойы радиоактивті ластану әсеріне ұшырады. Радиациялық-гигиеналық жағдайды бақылау және халық денсаулығын бағалау мақсатында 1957 жылы Семей қаласында арнайы медициналық құпия мекеме – КСРО ДСМ №4 Диспансері ашылды. 1967 жылы аты КСРО ДСМ №4 «Бруцеллезге қарсы диспансері» болып өзгертілді. 1989 жылы КСРО ДСМ Радиологиялық диспансер болып өзгертілді.
Диспансер жұмысын «Аса құпия» грифімен жүргізді. СЯП жұмысын басқаратын Әсери мекемемен қандай да бір байланысқа түсу тыйым салынды.
КСРО ыдырауынан кейін, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы №409 Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.
1991 жылдың тамызында Диспансер негізінде Қазақ КСР ДСМ Радиациялық медицина және экология институты құрылды.
ҚР Үкіметінің 1998 жылдың 25 желтоқсанындағы №1335 Қаулысы негізінде ҚР ДСМ Радиациялық медицина және экология институты «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК деп қайта құрылды.
theme.readmore..