Директор

ӘПСАЛІҚОВ ҚАЗБЕК НЕҒМАТҰЛЫ

директор


Білімі:

1.Семей Мемлекеттік медицина институты (1978-1984). МамандығыДәрігер-педиатр.

2. «Қайнар» университеті (2003-2005). Мамандығыэкономист

 

Ғылыми атақтары:

Медицина ғылымдарының кандидаты - 1993 ж.

Кандидаттық диссертация тақырыбы:«Жүнді бастапқы өңдеу өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек гигиенасына байланысты иммунды жағдайының ерекшеліктері» 14.00.07. – Гигиена, 14.00.36. – Аллергология, Иммунология мамандықтары бойынша.

 

Медицина ғылымдарының докторы - 1999 ж.

Докторлық диссертация тақырыбы: «Ядролық қаруды сынау кезінде сәулеленуге ұшыраған Семей облысы тұрғындарының денсаулығын қалыптастырудың радиациялық-гигиеналық және медициналық-демографиялық теңдестіру» 14.00.07. – Гигиена мамандығы бойынша.

 

Профессор 2010 жылдан бастап.

 

Еңбек жолы (басынан бүгінгі күнге дейін):

1985-1986 жж. – Семей қ. 4-ші балаларға арналған қалалық ауруханасының дәрігер-ординаторы.

1985-1987жж.  – Семей медицина институтының балалар арасындағы жұқпалы аурулар кафедрасының аға лаборанты. 

1987-1989 жж. – Бородулиха (Семей облысы) медицина училищесінің директоры.

1989-1993 жж. – СММИ жалпы гигиена кафедрасының ассистенті, кейін – ректор көмекшісі. 

1993 ж. – Семей облыстық әкімшілігінің кеңесшісі.

1993 ж. – Радиациялық медицина және экология ҒЗИ директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары.

2001 жылдың мамыр айынан бастап Қ.Н.Әпсаліқов Радиациялық медицина және экология ҒЗИ-ын басқарады.

 

200-ден астам ғылыми мақалалар авторы, оның ішінде 30-дан астамы халықаралық баспаларында, сонымен қатар алыс және жақын шетелдің айтулы баспаларында, Қазақстан, Жапония, Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбританияда өткізілетін конференциялар мен симпозиумдер материалдарында кездеседі.

 

Марапаттары:

1. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау аясындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі. Денсаулық сақтау министрлігі, 2000 ж.

2. Жемісті жұмысы, медициналық қызмет көрсетуге және Семей өңірі халқының денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін грамота. Семей қ, әкімі Н.Омаров. 2005 ж.

3. Академияның гүлденуіне қосқан үлесі үшін «Адал еңбегі үшін» төс белгісі. Семей қаласының Мемлекеттік медициналық академиясы, 2008 ж.

4. «Белсенді өмір ұстанымы, денсаулық сақтау саласындағы көпжылдық мінсіз еңбегі, Радиациялық медицина және экология институтының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлкен жеке үлесі үшін» грамота. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы. 2009 ж. 

5. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі. Денсаулық сақтау министрлігі, 2009 ж.

6. «Семей сынақ полигонындағы ядролық қаруды сынау нәтижесінде зардап шеккен облыс тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстағы адал еңбегі мен жетістіктері үшін» грамота. ШҚО әкімі, 2010 ж.

7. «Ислам әлемі 57 мемлекетінің Денсаулық сақтау министрлерінің Қатысуымен өзара ынтымақтастық жағдайында табысты өткен Үшінші Ислам Конференциясын дайындау және оны өткізу барасында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға қосқан зор үлесі үшін үлкен ризашылықпен шынайы алғысын білдіру» алғыс хаты.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігі. 15.12.2011 ж.

8. «Ядролық қарусыз әлем үшін халықаралық Форумды әзірлеуге және өткізуге қатысқаны үшін» алғыс хат. Семей қ. әкімі, 2011 ж.

9. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2015

10. Ресей Жаратылыстану Академиясының Ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қайраткері, 2016