Директордың ұйымдастырушылық-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары

СТАНБЕКОВА АЛМАГҮЛ БАЗАРБАЙҚЫЗЫ

Білімі

Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Жоғары техникалық оқу орнын инженер – құрылысшы мамандығы бойынша аяқтады (1985-1990 жж.).

2002 жылы Семей қаржы-экономикалық колледжін аяқтады, мамандығы – экономист-бухгалтер.

2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін экономика мамандығы бойынша аяқтады.

 

Еңбек жолы

1990-1992 жж. – Семей қ. облыстық статистика басқармасының статистика бөлімінің экономисті.

1992-1996 жж. – «Әннет-баба» ЖК-да экономист.

1996-2008 жж. – «Қазселденқорғау» ММ-нің Семей қаласындағы басқармасында экономист.

2008-2011 жж. – Радиациялық медицина және экология ҒЗИ-да экономист.

2011 ж. – директордың ұйымдастырушылық-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары.

 

Наградалары:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Мінсіз адал еңбегі мен азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі қосқан жеке зор үлесі үшін» құрмет грамотасы. 2009 ж.

2. «Белсенді өмір ұстанымы үшін, денсаулық сақтау саласындағы көпжылдық мінсіз еңбегі, Радиациялық медицина және экология институтының дамуы мен өркендеуіне қосқан зор жеке үлесі үшін» грамотасы. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қалалық кәсіби одақ ұйымының төрағасы. 2009 ж.

3. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, 2015