Lorem ipsum dolor

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ea, magni repellat, a omnis natus ut minima odit nam, nisi autem ratione velit eligendi, dolores tempore unde eos illum exercitationem maxime? Ullam molestiae magnam repellat, quia praesentium consectetur omnis consequatur maiores, amet aperiam debitis possimus maxime. Alias eligendi sunt rem nostrum?

Институт тарихы

новое здание института новое здание института КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Семей облысында 1947 жылы полигон құрылды, онда 1949-1989 жылдар аралығында ядролық қару сынақтары жүргізілді. Осы сынақтар нәтижесінде полигонға іргелес жатқан елді-мекендер ұзақ жылдар бойы радиоактивті ластану әсеріне ұшырады. Радиациялық-гигиеналық жағдайды бақылау және халық денсаулығын бағалау мақсатында 1957 жылы Семей қаласында арнайы медициналық құпия мекеме – КСРО ДСМ №4 Диспансері ашылды. 1967 жылы аты КСРО ДСМ №4 «Бруцеллезге қарсы диспансері» болып өзгертілді. 1989 жылы КСРО ДСМ Радиологиялық диспансер болып өзгертілді.

старое здание института старое здание института Диспансер жұмысын «Аса құпия» грифімен жүргізді. СЯП жұмысын басқаратын Әсери мекемемен қандай да бір байланысқа түсу тыйым салынды.
КСРО ыдырауынан кейін, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы №409 Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.
1991 жылдың тамызында Диспансер негізінде Қазақ КСР ДСМ Радиациялық медицина және экология институты құрылды.
ҚР Үкіметінің 1998 жылдың 25 желтоқсанындағы №1335 Қаулысы негізінде ҚР ДСМ Радиациялық медицина және экология институты «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК деп қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.10.2018-ғы № 666 Қаулысының негізінде «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты болып қайта ұйымдастырылды.

1957-1960 жж. аралығында КСРО ДСМ №4 Диспансерді А.Н.Каткова басқарды. Оның басшылығымен радиациялық-гигиеналық бөлімнің мобильді тобы құрылды, оның міндетіне ядролық бөліну өнімдері мөлшеріне баға беру мақсатында сыртқы орта объектілері мен жергілікті өндірістегі азық-түлік өнімдерін іріктеу жатты.
1960-1962 жж. аралығында №4 Диспансердің бас дәрігері А.А.Смирнов болады. Оның басшылығымен Диспансерде медициналық бөлім құрылады. Бөлім қызметкерлері полигонға іргелес түрлі аудан тұрғындарына медициналық бақылау жүргізеді.

Макерова С. И. Макерова С. И. Гусев Б.И. Гусев Б.И. 1962-1975 жж. аралығында - №4 Бруцеллезге қарсы диспансердің бас дәрігері С.И.Макерова болады. Бұл аралықта құрылымдық бөлімшелер айтарлықтай кеңейтілді және құрамына радиациялық-гигиеналық бөлім, клиникалық бөлім, әкімшілік-шаруашылық бөлімдері кірді.
1967-1997 жж. аралығында алдымен Диспансерді, кейіннен Радиациялық медицина және экология институтын м.ғ.д. Б.И.Гусев басқарды. Оның басшылығымен радиациялық қауіп пен сәулеленудің тиімді эквивалентті мөлшері бар топтарының сандық және жас шамасы мен жыныстық құрамы жайлы деректерді қамтитын негізгі құжаттар әзірлденді. Бұл деректер 1992 жылдың 18 желтоқсанында ҚР Үкіметімен қабылдаған ҚР «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1787-ХП Заңының жобасын жасауға мүмкіндік берді.

Секербаев А.Х. Секербаев А.Х. Апсаликов К.Н. Апсаликов К.Н. 1997-2001 жж. аралығында институтты м.ғ.д. А.Х.Секербаев басқарды. Ядролық полигон әрекетінің медициналық-демографиялық салдарын зерттеу жалғастырылды.

2001-2019 жылдар аралығында Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтын м.ғ.д., профессор Қ.Н. Әпсалықов басқарды. Оның басшылығымен институт ҚР ДСМ-нің Қазақстандағы радиациялық медицина және экология мәселелері жөніндегі басты мекемеге айналды. Қазақстан Республикасының ядролық қару сынақтарының нәтижесінде зардап шеккен халқын оңалту бойынша бағдарламалар әзірленіп, енгізілді.

РМ және ЭҒЗИ директоры Қ.Н. Әпсалықовтың тікелей қатысуымен РМ және ЭҒЗИ-да құрамында консультациялық-диагностикалық бөлім және оңалту бөлімшесі жұмыс істей бастаған, СЯСП әрекетінің нәтижесінде зардап шеккен халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша клиника құрылды. 2003 жылы институт базасында Radiation Effects Research Foundation университетінің жапондық ғалымдарымен бірлесіп СЯСП әрекетінің нәтижесінде зардап шеккен халықтың Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелімі (бұдан әрі МҒАМТ) құрылды. МҒАМТ радиацияның шағын мөлшерлерінің адам ағзасына әсерін зерттеу бойынша «MELODI» ғылыми платформасының Еуропалық деректер базасына кірді. Тіркелген ақпарат зардап шеккен халық пен олардың ұрпақтарын емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған әлеуметтік және медициналық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ радиациялық қауіп топтарында жекелеген аурулардың даму қаупін болжауға мүмкіндік береді. 2014 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюшылар мен олардың ұрпақтарын дербес есепке алу жүйесі құрылды.

Мулдагалиев Т.Ж. Мулдагалиев Т.Ж. Қ.Н. Әпсалықовтың басшылығымен институт Жапонияның, Ресейдің, АҚШ-тың, Германияның, Ұлыбританияның, Бельгияның, Францияның, Норвегияның және Израильдің бейінді ғылыми орталықтарымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шарттар мен меморандумдар жасасты. 10 халықаралық жоба орындалды. Оның басшылығымен 21 кандидаттық және 4 докторлық диссертация қорғалды. Ұлттық Бизнес-Рейтингтер Одағының деректері бойынша РМжәнеЭ ҒЗИ Қазақстан Республикасының мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындар-көшбасшылар арасында кәсіпорындарды «Өсу қарқыны» көрсеткіші бойынша жалпы мемлекеттік қаржылық-экономикалық саралау бойынша ЭҚЖЖ 72.19.9 Жаратылыстану ғылымдары мен инженерия саласындағы өзге зерттеулер және зерттемелер бойынша 10-орынды (күміс рейтингі) және ЭҚЖЖ 72 Ғылыми зерттеулер және зерттемелер бойынша 17-орынды (күміс рейтингі) иелене отырып, «Сала көшбасшысы 2016» атанды. Қ.Н. Әпсалықовтың басшылығы кезеңінде институт ғылыми-инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша ғылыми-зерттеу институттар қызметін бағалау рейтингінде жетекші позицияларға ие болды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей медициналық университетінің «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының» директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Т.Ж.Мулдагалиев