Институт тарихы

nii

 

КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Семей облысында 1947 жылы полигон құрылды, онда 1949-1989 жылдар аралығында ядролық қару сынақтары жүргізілді.

Осы сынақтар нәтижесінде полигонға іргелес жатқан елді-мекендер ұзақ жылдар бойы радиоактивті ластану әсеріне ұшырады. Радиациялық-гигиеналық жағдайды бақылау және халық денсаулығын бағалау мақсатында 1957 жылы Семей қаласында арнайы медициналық құпия мекеме – КСРО ДСМ №4 Диспансері ашылды. 1967 жылы аты КСРО ДСМ №4 «Бруцеллезге қарсы диспансері» болып өзгертілді. 1989 жылы КСРО ДСМ Радиологиялық диспансер болып өзгертілді.

Диспансер жұмысын «Аса құпия» грифімен жүргізді. СЯП жұмысын басқаратын Әсери мекемемен қандай да бір байланысқа түсу тыйым салынды.

КСРО ыдырауынан кейін, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы №409 Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. 

1991 жылдың тамызында Диспансер негізінде Қазақ КСР ДСМ Радиациялық медицина және экология институты құрылды. 

ҚР Үкіметінің 1998 жылдың 25 желтоқсанындағы №1335 Қаулысы негізінде ҚР ДСМ Радиациялық медицина және экология институты «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК деп қайта құрылды. 

history

1957-1960 жж. аралығында КСРО ДСМ №4 Диспансерді А.Н.Каткова басқарды. Оның басшылығымен радиациялық-гигиеналық бөлімнің мобильді тобы құрылды, оның міндетіне ядролық бөліну өнімдері мөлшеріне баға беру мақсатында сыртқы орта объектілері мен жергілікті өндірістегі азық-түлік өнімдерін іріктеу жатты.

1960-1962 жж. аралығында №4 Диспансердің бас дәрігері А.А.Смирнов болады. Оның басшылығымен Диспансерде медициналық бөлім құрылады. Бөлім қызметкерлері полигонға іргелес түрлі аудан тұрғындарына медициналық бақылау жүргізеді.  

 

qa

 

1962-1975 жж. аралығында - №4 Бруцеллезге қарсы диспансердің бас дәрігері С.И.Макерова болады. Бұл аралықта құрылымдық бөлімшелер айтарлықтай кеңейтілді және құрамына радиациялық-гигиеналық бөлім, клиникалық бөлім, әкімшілік-шаруашылық бөлімдері кірді. 

 

 

 

 

 

 

az

1967-1997 жж. аралығында алдымен Диспансерді, кейіннен Радиациялық медицина және экология институтын м.ғ.д. Б.И.Гусев басқарды. Оның басшылығымен радиациялық қауіп пен сәулеленудің тиімді эквивалентті мөлшері бар топтарының сандық және жас шамасы мен жыныстық құрамы жайлы деректерді қамтитын негізгі құжаттар әзірлденді. Бұл деректер 1992 жылдың 18 желтоқсанында ҚР Үкіметімен қабылдаған ҚР «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1787-ХП Заңының жобасын жасауға мүмкіндік берді.     

 

 

 

 

ws

 

 

1997-2001 жж. аралығында институтты м.ғ.д. А.Х.Секербаев басқарды. Ядролық полигон әрекетінің медициналық-демографиялық салдарын зерттеу жалғастырылды. 

 

 

 

 

 

 

dir

 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Радиациялық медицина және экология ҒЗИ» РМҚК директоры м.ғ.д., профессор Қ.Н. Әпсалықов. Оның басшылығымен институт ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстандағы радиациялық медицина мәселелері жөніндегі бас мекемесіне айналу үстінде. Қазақстан Республикасының ядролық қару сынақтары нәтижесінде зардап шеккен халқын оңалту бойынша бағдарламалар әзірленіп, енгізілуде.