Lorem ipsum dolor

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ea, magni repellat, a omnis natus ut minima odit nam, nisi autem ratione velit eligendi, dolores tempore unde eos illum exercitationem maxime? Ullam molestiae magnam repellat, quia praesentium consectetur omnis consequatur maiores, amet aperiam debitis possimus maxime. Alias eligendi sunt rem nostrum?

Клиника

Клиникалық бөлімшенің тарихы

1960 жылдан бастап бас дәрігер А.А. Смирновтың басшылығымен №4 Диспансер Семей полигонына іргелес әртүрлі аудандардың халқына медициналық тексерулер жүргізуді бастады. 1962 жылдан бастап Диспансердің құрылымына клиникалық бөлімше енгізілді.

Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының клиникасы ҚР ДСМ 2001 жылғы 06 ақпандағы № 108 бұйрығымен құрылды. Әртүрлі жылдары меңгерушілері болғандар О.И. Захарова, Б.В. Галич, Г.А. Масалимова, Б.Б. Идрисова.

Қазақстанның ұзақ мерзімді созылмалы сәулеленуге ұшыраған халқына көрсетілетін медициналық көмек «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық қару сынақтарының салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы ҚР Заңымен, «Бұрынғы Семей ядролық полигонында 1949-1990 жылдары ядролық сынаулар салдарынан зардап шеккен халықты медициналық оңалту бағдарламасы туралы» 1997 жылғы 11 наурыздағы № 336 ҚР Үкміетінің Қаулысымен айқындалады.

Институт клиникасының негізгі міндеттері ақпараттылығы жоғары заманауи диагностикалық әдістерді қолданумен халықты тереңдетіп зерттеп-қарау, радиациялық әсерді және соматикалық аурулардың дамуында радиациялық фактордың рөлін индикациялау болып табылады.

Клиника консультациялық-диагностикалық бөлімнен (меңгерушісі Әжiмұратова Гүлнәра Қадырқызы) және 40 орынға арналған оңалту бөлімшесінен (меңгерушісі Нұрғалиева Венера Көшкенғалиқызы) тұрады. Клиникалық құрылымға 60-там астам адам жұмыс істейді, соның ішінде 16 дәрігер, оның 11-інің жоғары және 5-еуінің бірінші санаты бар.

КДБ құрылымына мынадай бөлімшелер кіреді:
I. Консультациялық бөлімше:

  1. терапевт
  2. невропатолог
  3. эндокринолог
  4. кардиолог
  5. гинеколог
  6. уролог

II. Клиникалық-диагностикалық бөлімше:

- диагностикалық зертхана
- функциялық диагностика кабинеті
- ультрадыбыстық диагностика кабинеті

Бүкіл жұмыс кезеңінде шамамен 46 700 адам зерттеп-қаралды.

Иондаушы сәулелену ықпалының сәулеленген халықтың денсаулығына ұзақ уақыт өткеннен кейінгі салдарын зерттеудегі негізгі бағыт кейбір әлеуметтік маңызды соматикалық аурулар ағынының заңдылықтары мен ерекшеліктерін бағалау мақсатында клиникалық зерттеп-қараулар жүргізу болып табылады.

РМЭ ҒЗИ-да жүргізілетін клиникалық-эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері радиациялық-индукцияланған ауруларды ерте диагностикалау, оларды емдеу және зардап шеккен халықты оңалту бойынша орташа және ұзақ мерзімді бағдарламалардың негізі болып табылады.

«Сәулеленген халықты оңалту бойынша ұлттық бағдарлама» аясында Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты Семей сынақ полигонында 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде ядролық сынақтардан зардап шеккен халықты медициналық зерттеп-қарау жүргізіледі. Консультациялық-диагностикалық бөлімшенің міндеттері:

  • онкологиялық ауруларды,
  • жүрек-тамырлық ауруларды,
  • қалқанша без, сүт безінің ауруларын,
  • АІЖ ауруларын ерте верификациялау болып табылады.

Осыған сәйкес РМжәнеЭ ҒЗИ КДБ мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
- радиациялық-индукцияланған аурулар тобына бастапқы скрининг және одан әрі тереңдетілген зерттеп-қарауды жүргізу;
- медицинаның жаңа жетістіктерін пайдаланумен заманауи медициналық жабдықта зерттеп-қарау;
- халықты медициналық оңалту бағдарламасына кіретін аурулардың алдын алу бойынша білікті мамандардың консультациялары.
Скрининг және тереңдетіп зерттеп-қарау материалдары бойынша одан әрі оңалтуға арналған стационарлық кезеңді де қамтитын жеке бағдарламалар құрылады. Емдеу терапиялық бейінді бөлімшеде жүргізіледі. Аралас терапия иммундық жүйені, метаболикалық бұзылыстарды түзетуден тұратын ағзаның бейімделу қасиеттерін арттыруға бағытталған.

РМжәнеЭ ҒЗИ консультациялық-диагностикалық бөліміндегі диагностикалаудың заманауи әдістері Институттың консультациялық-диагностикалық бөлімінде диагностикалық зерттеп-қараудың жалпы қабылданған әдістерінен және жалпы соматикалық аурулардың жекелеген нозологиялық түрлерін емдеу схемасынан басқа сәулеленудің тиімді эквиваленттік мөлшерінің шамасы мен сипатын нақтылау әдістері қолданылады.

Сәулеленген халықтың арасында иондаушы сәулеленудің онкологиялық емес әсерлерін бағалау кезінде РМжәнеЭ ҒЗИ-ның консультациялық-диагностикалық бөлімінде УДЗ зерттеуін, ЭКГ, ЭКГ Холтерлік мониторингілеуді, ЭХОКГ, велоэргометрияны қамтитын пациентті тереңдетіп зерттеп-қарау жүргізіледі. Әртүрлі соматикалық жағдайлар кезіндегі нейрофизиологиялық өзгерістерді зерттеу үшін мынадай зерттеулер жүргізіледі: РЭГ, ЭЭГ, ЖЫӨ зерттеу, тамырлардың УДДГ.

  1. ЭКГ Холтерлік (тәуліктік) мониторингілеу жүрек ырғағының кез-келген ауытқуларын, денеге ауырлық түскенде және тыныштық күйде миокард ишемиясының жағдайларын анықтауға, емдеу тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс мүлдем зиянсыз, қарсы көрсетімдері жоқ, арнайы дайындықты қажет етпейді.
  2. Велоэргометрия (ВЭМ) – латентті (жасырын) коронарлы жетіспеушілікті анықтауға және зерттелушінің велоэргометрияда денеге үдемелі сатылы ауырлық түсіруі арқылы физикалық жүктемеге жеке төзімділікті анықтауға арналған электрокардиографиялық зерттеудің диагностикалық әдісі.
  3. Жүрек ырғағының өзгеруін талдау (ЖЫӨ) бүгінгі таңдағы вегетативті реттеуді бағалаудың жалғыз қол жетімді, инвазивті емес және айтарлықтай қарапайым тәсілі болып табылады.
  4. Электрэнцефалография (ЭЭГ) — бас миының функциялық жағдайын оның биоэлектрлік белсенділігін тіркеу жолымен зерттеудің инвазивті емес (азғаның бүтіндігін бұзусыз) әдісі. ЭЭГ мидың функциялық жағдайын сипаттайтын және анықтайтын әртүрлі пароксизмалды жай-күйлерді диагностикалау мен емдеу тиімділігін бақылаудың негізгі және ең бастысы қауіпсіз әдісі ретінде кеңінен қолданылады.
  5. Эхокардиография (ЭХОКГ) немесе жүрек және қантамыр УДЗ жүрек-тамырлық ауруларды барынша нақты диагностикалаудың заманауи, ауырсынусыз, қауіпсіз және бастысы ақпараттылығы жоғары әдісі болып табылады.
  6. Тамырлардың ультрадыбыстық доплерографиясы (УДДГ) тамырлардағы қан ағымының бұзылуларын анықтау үшін пайдаланылады және бастың (бас миының тамырларының), мойынның, аяқ-қолдың тамырларына жүргізіледі.
  7. Диагностикалаудың зертханалық әдістері: онкологиялық аурулардың маркерлері (СА15-3, СА-125, СА-19-9, РЭА, CIFRA, ПСА), қалқанша без гормондарын ИФТ әдісімен анықтау.


Институттың оңалту бөлімшесі 2002 жылы 45 орынға ашылған стационар болып келеді. Қазіргі уақытта стационарда 40 орын жұмыс істейді: 30 орын тәуліктік стационарда және 10 орын күндізгі стационарда.