КДБ (Консультациялық-диагностикалық бөлімше)

Меңгеруші

ӘЖІМҰРАТОВА ГҮЛНӘР ҚАДЫРҚЫЗЫ

kd 

Білімі:

Семей мемлекеттік медицина институты

Факультет: ЕМДЕУ ІСІ

Мамандығы: ДӘРІГЕР ЕМДЕУШІ

Оқу орнын аяқтаған жыл: 1989 жыл

 

Ғылыми дәрежесі:

Медицина ғылымдарының кандидаты

Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Радиациялық және радиациялық емес факторларды потенциалдау әсерлерінің Қазақстанның халық денсаулығының қалыптасуындағы мәні», 14.02.01 – гигиена.

Дәреже тағайындалған жыл: 2013 жыл

 

30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы, олардың 6-ы халықаралық баспаларда, соның ішінде алыс және жақын шетелдің беделді баспаларында, Казақстанда, Жапонияда, Ресейде, Ұлыбританияда өткізілетін конференциялар мен симпозиумдардың материалдарында.

 

Еңбек жолы:

31.07.1989- Лебяжий ОАА-да дәрігер-терапевт.

12.12.1994- Павлодар қ. «Энергетик» профилакториінде дәрігер-терапевт. 

03.04.2001- Семей қ. № 2 ОАКП-да дәрігер-кардиолог.

27.03.2003- Семей қ. «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының» оңалту бөлімшесінің дәрігер-ординаторы.

01.10.2003 - Семей қ. «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның дәрігер-терапевтін қоса атқара отырып, кіші ғылыми қызметкер.

05.01.2004 - Семей қ. «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның дәрігер-терапевті.

12.08.2004 - Семей қ. «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның оңалту бөлімшесінің меңгерушісі.

01.06.2010 - Семей қ. «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның КДБ меңгерушісін қоса атқара отырып, КДБ-ның дәрігер-терапевті.

01.09.2010 - Семей қ. «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның КДБ меңгерушісі.

 

Марапаттары – «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, 2013 жыл.

Клиникалық бөлімшенің тарихы

1960 жылдан бастап бас дәрігер А.А. Смирновтың басшылығымен №4 Диспансер Семей полигонына іргелес әртүрлі аудандардың халқын медициналық тексеруді бастады. 1962 жылдан бастап Диспансер құрылымына клиникалық бөлімше енгізілді.

Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының емханасы ҚР ДСМ-ның 06.02.2001 ж. № 108 бұйрығы негізінде құрылды.

Әртүрлі жылдары меңгеруші болып О.И. Захарова, Б.В. Галич, Г.А. Масалимова, Б.Б. Идрисова жұмыс істеді.

 

Институт клиникасының негізгі міндеттері радиациялық әсерді және радиациялық фактордың соматикалық аурулардың дамуындағы рөлін индикациялаудың заманауи жоғары ақпараттық диагностикалық әдістерінің көмегімен халықты терең зерттеп-қарау болып табылады.  

Клиника ауысымына 120 келушілерден тұратын консультациялық-диагностикалық емхана мен 40 орынды оңалту бөлімшесінен тұрады.

Клиникалық бөлімшеде 60-тан астам адам жұмыс істейді, олардың ішінде 16 дәрігер, соның ішінде жоғары санатты 11 дәрігер мен бірінші санатты 5 дәрігер бар. 

 

КДБ құрылымына мынадай бөлімшелер кіреді:

 

 I. Консультациялық бөлімше:

1)  терапевт

2)  невропатолог

3)  эндокринолог

4)  кардиолог

5)  гинеколог

6)  уролог

7)  гастроэнтеролог

 

II.Клиникалық-диагностикалық бөлімше:

- диагностикалық зертхана

- функциялық диагностика кабинеттері

- ультрадыбыстық диагностика кабинеті

 

Бүкіл жұмыс кезеңінде шамамен 46 700 адам зерттеп-қаралды.

 

Иондандырушы сәулеленудің сәулеленуге ұшыраған халық денсаулығына әсерінің ұзақ уақыт өткеннен кейінгі салдарын зерттеудегі негізгі бағыттар кейбір әлеуметтік маңызды соматикалық аурулар ағымының заңдылықтары мен ерекшеліктерін бағалау мақсатында клиникалық зерттеп-қарау жүргізу болып табылады. РМ және Э ҒЗИ-да жүргізілетін клиникалық-эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері радиациялық-индукцияланған ауруларды ерте анықтау, оларды емдеу және зардап шеккен халықты оңалту бойынша орташа және ұзақ мерзімді бағдарламаларды әзірлеуге негіз болып табылады.

«Сәулеленген халықты оңалту бойынша ұлттық бағдарлама» аясында Радиациялық медицина және экология институты 1949-1990 жылдар аралығында Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен халыққа медициналық зерттеп-қарау жүргізіліп жатыр.

Консультациялық-диагностикалық бөлімнің міндеттері:

а) онкологиялық ауруларды;

б) жүрек-қантамыр ауруларын;

в) қан ауруларын;

г) қалқанша безінің ауруларын ерте анықтау болып табылады.

Осыған байланысты РМ және Э ҒЗИ КДБ мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

- радиациялық-индукцияланған аурулар тобына алғашқы скрининг пен кейінгі терең зерттеп-қарауды жүргізу;

- медицинаның жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, заманауи медициналық жабдықтардың көмегімен зерттеп-қарау;

- білікті мамандардың халықты медицналық оңалту бағдарламасына кіретін аурулардың алдын алу бойынша кеңестері.

 

Скрининг пен терең зерттеп-қарау материалдары бойынша  одан әрі оңалту үшін стационарлық емдеу кезеңін де қамтитын дербес бағдарламалар құрылып жатыр. Емдеу терапиялық бейінді бөлімшеде жүргізіледі. Иммундық жүйені, метаболикалық ауытқуларды түзетуден тұратын құрамдастырылған терапия ағзаның бейімделгіш қасиеттерін арттыруға бағытталған.  

 

 РМ және Э ҒЗИ консультациялық-диагностикалық бөліміндегі

заманауи диагностикалау әдістері

 

Институттың консультациялық-диагностикалық бөлімінде диагностикалық зерттеп-қараудың жалпы әдістерінен және жалпы соматикалық аурулардың жекелеген нозологиялық формаларын емдеу тәсімінен басқа, тиімді эквиваленттік мөлшерлердің көлемі мен сәулелену сипатын нақтылау әдістері, генетикалық зерттеу әдістері, сондай-ақ қосымша диагностикалық әдістер қолданылады. Бұндай ғылыми-практикалық тәсіл институт клиникасы қызметінің жалпы бейінді стационарлардың жұмысынан айырмашылығын көрсетеді.  

 

Сәулеленуге ұшыраған халық арасында иондандырушы сәулеленудің онкологиялық емес әсерлерін бағалау кезінде РМ және Э ҒЗИ клиникалық-диагностикалық бөлімінде ЭКГ холтерлік мониторингілеуді, АҚ тәуліктік мониторингілеуді, велоэргометрияны, ЖЫӨ зерттеуін қамтитын терең зерттеп-қарау жүргізіледі.   

Әртүрлі соматикалық жағдайлар кезіндегі нейрофизиологиялық өзгерістерді зерттеу мақсатында мынадай зерттеулер жүргізіледі: ЭхоЭГ, ЭЭГ, ЭХОКГ, тамырлар УДДГ.

ЭКГ холтерлік (тәуліктік) мониторингілеу жүрек ырғағының кез-келген ауытқуларын, денеге ауырлық түскенде және тыныштық күйде миокард ишемиясының жағдайларын анықтауға, емдеу тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс мүлдем зиянсыз, қарсы көрсетімдері жоқ, арнайы дайындықты қажет етпейді.  

Артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеу – пациент үшін әдеттегі жұмыс істеу мен демалу жағдайында артериялық қысымының тәуліктік динамикасын тіркеуге және бағалауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. Бұл әдістеменің көмегімен артериялық қысымның тәуліктік ауытқуын есепке ала отырып, антигипертензиялық жеке ем таңдауға болады.

Велоэргометрия (ВЭМ) – латентті (жасырын) коронарлы жеткіліксіздікті анықтауға және зерттелушінің велоэргометрияда денеге үдемелі сатылы ауырлық түсіруі арқылы физикалық жүктемеге жеке төзімділікті анықтауға арналған электрокардиографиялық зерттеудің диагностикалық әдісі.

Жүрек ырғағының өзгеруін талдау (ЖЫӨ) бүгінгі таңдағы вегетативті реттеуді бағалаудың жалғыз қол жетімді, инвазивті емес және айтарлықтай қарапайым тәсіліәдісі болып табылады.

Эхоэнцефалография (ЭхоЭГ) – ультрадыбыстық эхографияның (жиілілігі 0,5-15МГц/с ультрадыбыстың) көмегімен миды зерттеудің инвазивті емес әдісі. Осындай жиілілікті дыбыстық толқындар ағзаның тіндері арасынан өтуге қабілетті және құрамы мен тығыздығы әртүрлі тіндердің (бастың жұмсақ беті, бас сүйектері, ми қабықшалары, ми заттегі, ликвор, қан) қасындағы барлық беткейлермен шағылысады. Шағылысатын құрылымдар патологиялық өскіндер де (көбею көздері, бөтен денелер, абсцесстер, сары су, қанды ісіктер және т.б.) болуы мүмкін.

Электрлі энцефалография (ЭЭГ) –  бас миының функциялық жағдайын оның биоэлектрлік белсенділігін тіркеу жолымен зерттеудің инвазивті емес (азғаның бүтіндігін бұзусыз) әдісі. ЭЭГ мидың функциялық жағдайын сипаттайтын және анықтайтын әртүрлі пароксизмалды жай-күйлерді диагностикалау мен емдеу тиімділігін бақылаудың негізгі және ең бастысы қауіпсіз әдісі ретінде кеңінен қолданылады.

Эхокардиография (ЭХОКГ) немесе жүрек және қантамыр УДЗ жүрек-қантамыр ауруларын барынша нақты диагностикалаудың заманауи, ауыртпайтын, қауіпсіз және бастысы жоғары ақпаратталған әдісі болып табылады. 

Қантамырлардың ультрадыбыстық доплерографиясы (УДДГ) қантамырлардағы қанағым бұзылуларын анықтау үшін пайдаланылады және бастың (бас миының тамырларының), мойынның, көздің, бүйрек артерияларының, жүректің, аяқ-қолдың тамырларына жүргізіледі. УДДГ зерттеп-қарауы күре тамыр жүйесі сияқты, артериялық қанайналым үшін де ақпаратты болып келеді. Қантамыр УДДГ жүрек аурулары мен неврологиялық ауруларды ерте кезеңдерінде сәтті түрде емдеуге мүмкіндік береді.

 

Асқазан-ішек жолдарының ауруларын сапалы диагностикалауды жүргізуге мүмкіндік беретін эндоскопиялық зерттеулер (фиброгастроскопия, колоноскопия).

Диагностикалаудың зертханалық әдістері: ПТР – гендердің полиморфизмін диагностикалау (СА15-3,СА-125, ПСА), қалқанша безі гормондары, жыныс гормондары әдісімен ИФТ анықтау.