Оңалту бөлімшесі

Меңгеруші

НҰРҒАЛИЕВА ВЕНЕРА КӨШКЕНҒАЛИҚЫЗЫ

st

  

Білімі: 1999 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын дәрігер мамандығы бойынш емдеу ісі факультетінде аяқтады.

Бірінші санатты дәрігер-терапевт 2013 ж.

 

Еңбек жолы:

1999-2003 жж. – «Айдар» ОДА-да жалпы тәжірибедегі дәрігер (Георгиевка)

2003-2004 – Жарма ОАА-ның дәрігер ординаторы

2004-2011 – Жарма ОАА-ның терапия бөлімшесінің меңгерушісі

2011-2013 – Семей қ. «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ филиалының бөлімше меңгерушісі

08.2013-05.2014 – Радиациялық медицина және экология ҒЗИ-да дәрігер-терапевт

06.2014 – РМ және Э ҒЗИ-дың оңалту бөлімшесінің меңгерушісі

 

Отандық ғылыми журналдардағы және Қазақстанда өткізілетін конференциялар мен симпозиумдардың материалдарындағы 12-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.

Денсаулық сақтау саласындағы дәрігер-ұйымдастырушының үлкен теориялық және практикалық тәжірибесі бар. Өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отырады. РМ және Э ҒЗИ-дың клиникалық және ғылыми бөлімшелерінде лайықты құрмет пен беделге ие.

Марапаттары

ШҚО Денсаулық сақтау департаментінің құрмет грамоталарымен және аудандық және облыстық Әкімдіктің грамоталарымен марапатталды.

 

Оңалту бөлімшесі

2002 жылы институтта 45 орынға арналған стационар ашылды. Қазіргі уақытта стационарда 40 орын қызмет жасайды: тәуліктік стационарда 30 орын және күндізгі стационарда 10 орын. Стационардағы оңалту емі ерте мүгедектікке ұшырауды, сырқаттануды және өлім-жітімді төмендете отырып, радиацияға ұшыраған аудандар халқының еңбекке қабілеттік жасы мен өмір сүру ұзақтығын ұлғайта отырып, денсаулықты уақытында қалпына келтіруге және сақтауға көмектеседі.