Объявления

1

 

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен

медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүргізу туралы

 

            ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Тапсырыс берушінің атауы және мекенжайы: ҚР ДСМ «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 30.10.2009 ж. №1729 Қаулысына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін орындау мақсатында Тапсырыс беруші ҚР ДСМ «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ға мынадай дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қажет:

Медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Сатып алуға бөлінген сома

Өнім берудің мерзімі мен шарттары

1

Дигоксин, инъекцияларға арналған ерітінді 0,25мг/мл

 

ампула

20

488

кестеге сәйкес

2

Дигоксин, 0,25мг

таблетка

100

247

кестеге сәйкес

3

Левокарнитин, ішке қабылдау үшін ерітінді 1г/10мл

құты

300

113166

кестеге сәйкес

4

АФП Иммунотех, 96 анықт.

Иммуноферменттік қан талдауына арналған реактивтер жинағы

3

93000

кестеге сәйкес

5

РЭА-ИФТ Бест, 96 анықт.

Иммуноферменттік қан талдауына арналған реактивтер жинағы

3

144000

кестеге сәйкес

6

СА 19,9-ИФТ-Бест, 96 анықт.

Иммуноферменттік қан талдауына арналған реактивтер жинағы

3

167100

кестеге сәйкес

7

Cyfra21-1 Цитокератин, 96 анықт.

Иммуноферменттік қан талдауына арналған реактивтер жинағы

3

542400

кестеге сәйкес

8

ПСА бос, 96 анықт.

Иммуноферменттік қан талдауына арналған реактивтер жинағы

3

108000

кестеге сәйкес

9

Бір рет пайдаланатын шприц 20мл, үш компоненттік

дана

2000

42120

кестеге сәйкес

10

ПВХ жабыны бар астына салатын клеенка 0,9*45м.

Медициналық клеенка беткі жағында ПВХ жабыны қапталған полиэфирлі мата болып келеді.

Клеенка ылғал өткізбейтін, газ өткізетін және бу өткізетін. 

метр

 

225

156600

кестеге сәйкес

11

Тубаға арналған құрғақ майлықтар (АУЫСТЫРМАЛЫ БЛОК), спанбонд, 100 үзу 130*170мм.

Қайта толтырылатын жүйеге арналған сүртетін майлықтар орамы дезинфектанттардың белсенді құрамдас бөліктерінің көпшілігімен үйлесімді, орамның биіктігі 170мм

орам

 

37

26640

кестеге сәйкес

 

Тауарды беру орны: 071400, ҚР, ШҚО, Семей қ., Гагарин к-сі, 258, тікелей провизордың есігіне дейін.

Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны: 071400, ҚР, ШҚО, Семей қ., Гагарин к-сі, 258, жұмыс уақытында құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторына (сағ.09:00-дан сағ.18:00-ға дейін, түскі үзіліс сағ.13:00-ден 14:00-ге дейін).

Баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2017 жылғы 13 маусым сағ.10:00-ге дейін.

Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны: , ҚР, ШҚО, Семей қ., Гагарин к-сі, 258, құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторы мекенжайы бойынша 2017 жылғы 13 маусым сағ.10:00-да.

Әрбір әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін жабылған түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тапсырыс беруші белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сонымен қатар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарын ұсынуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгі шартының талаптары сақталып, тауарды жеткізіп беруді жүзеге асыруға оның келісімін білдіретін нысан болып табылады.

Жеңімпаз болып ең төменгі баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады.

Жеңімпаз тапсырыс берушіге жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:

1)      рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмесі не мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмесі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

2)      заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

3)      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

4)      заңды тұлға жарғысының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, онда акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі сатып алуды хабарлау күнінен кейін ұсынылады);

5)      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

6)      конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе шетел банкінің клиенті болып табылса, онда әлеуетті өнім берушінің шетелде орналасқан филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес үш айдан астам созылатын міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы әлеуетті өнім беруші қызмет алатын банктің қол қойылған анықтамасының түпнұсқасы;

Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе).