Lorem ipsum dolor

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ea, magni repellat, a omnis natus ut minima odit nam, nisi autem ratione velit eligendi, dolores tempore unde eos illum exercitationem maxime? Ullam molestiae magnam repellat, quia praesentium consectetur omnis consequatur maiores, amet aperiam debitis possimus maxime. Alias eligendi sunt rem nostrum?

Сараптама кеңесі

Өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесінің қызметі

2000 жылдан бастап РМ және ЭҒЗИ-да жұмыс істейтін Өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесі (бұдан әрі ӨВСК) радиациялық факторлардың әсерінен болған аурулардың, мүгедектіктің және өлім-жітімнің байланысын бағалау бойынша сараптамалық-консультациялық жұмыс жүргізеді.

Өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесі құрамына РМ және ЭҒЗИ қызметкерлері және денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандары кіретін алқалы орган болып табылады.
ӨВСК қызметі мынадай нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі:

  • «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1788-ХII ҚР Заңы;
  • «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219 ҚР Заңы;
  • «Иондаушы сәулелену әсерімен себептік байланысты аурулардың тізбесін және Себептік байланысын анықтау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-24 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы;
  • «Аурулардың иондаушы радиация әсерімен себептік байланысын анықтау жөніндегі Ведомствоаралық Сараптама кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік нұсқаулар, 2005 ж.;
  • «Семей ядролық полигонында сынақтар жүргізу кезінде ластанған аумақтарда тұрып жатқан халықтың иондаушы сәулеленудің тиімді эквиваленттік мөлшерлерін бағалау» әдістемелік ұсынымдары, 2010 ж.;
  • «СЯСП-дағы ядролық қару сынақтары нәтижесінде сәулеленген ата-анадлардан туған адамдардағы жанама радиациялық әсермен байланысы бар аурулардың тізбесін ведомствоаралық сараптама кеңестерінің жұмысында қолдану» әдістемелік ұсынымдары, 2014 ж.

Семей полигонындағы ядролық қару сынақтары нәтижесінде қалыптасқан нақты адамдардың жеке тиімді сәулелену мөлшерлерін есептеу Радиациялық медицина және экология ҒЗИ мамандарымен әзірленген (19.11.2010 ж. ҚР ДСМ бекітілген) әдістемеге сәйкес жүргізіледі. Осы әдістеме «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 18.12.1992 ж. № 1787-ХІІ ҚР Заңының Қазақстан облыстарының зардап шеккен аудандарының аумақтарын радиациялық қауіпті аймақтарға бөлу бөлігіндегі негізгі ережелеріне бейімделген.

«Иондаушы сәулелену әсерімен себептік байланысты аурулардың тізбесін және Себептік байланысын анықтау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-24 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен өтініш берушілердің Сараптама кеңесіне ұсынатын құжаттарының тізбесі айқындалды, оларды қарағаннан кейін сараптама комиссиясы иондаушы радиация аурудың (өлімнің) пайда болуының себебі болып табылғаны немесе табылмағаны туралы қорытынды шығарады.

2016 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде барлығы 5686 іс қаралды, оның ішінде:

  • оң шешім - 3486 іс,
  • теріс шешім – 2200 іс.

2019 жылғы бірінші жартыжылдықта сараптама кеңесіне 724 адам жүгінді, оның ішінде:

  • оң шешім – 437 іс,
  • теріс шешім – 287 іс.

Қаралған істердің аурулар құрылымында онкологиялық аурулар 75,92%-ті, жүрек-тамырлық жүйенің аурулары 17,42%-ті құрады.

Иондық сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себеп-салдарлық байланыстарды орнату ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ДСМ-24 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі бұйрығы