Сараптама кеңесі

Өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесі

 

Хатшы

БАЙБОСЫНОВА ЖАНАР ТӨЛЕУТАЙҚЫЗЫ

Медицина ғылымдарының кандидаты

 

 

  

1998 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын аяқтады. Факультет: емдеу ісі. Мамандығы: акушер-гинеколог.

Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Созылмалы радиациялық сәулеленудің әсеріне ұшыраған әйелдердің жүктілігі мен босану ағымының физиологиялық ерекшеліктері» 14.00.13. физиология мамандығы бойынша

Дәреже тағайындалған жыл: 2010 ж.

 

28 ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде 2-і Ресей мен Испаниядағы халықаралық конференциялардың материалдарында.

 

Марапаттары. «Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі көп жылғы мінсіз адал еңбегі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі күніне орай» алғыс хаты. Денсаулық сақтау министрлігі. 2011 жыл.

 

Өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесінің қызметі

РМ және Э ҒЗИ-да 2000 жылдан бастап жұмыс істейтін Өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесі аурулардың, мүгедектік пен өлімнің радиациялық факторлардың әсеріне байланысын бағалау бойынша сараптамалық-консультациялық жұмыс жүргізеді.

Өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесі алқалық орган болып табылады, оның құрамына РМ және Э ҒЗИ қызметкерлері және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері кіреді.

 

Аурулардың сәулеленумен сепебті байланысын белгілеу мүмкіндігін айқындайтын басты шарт нақты тұлғаның радиациялық қауіп аймағының бірінде тұрғаны мен тұру ұзақтығының заңды түрде расталған фактісі (есептелген тиімді эквиваленттік мөлшерімен) болып табылады.

Нақты тұлғалардың Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарының нәтижесінде қалыптасқан сәулеленудің дербес тиімді мөлшерлерін есептеу Радиациялық медицина және экология ҒЗИ мамандары әзірлеген әдістемеге (19.11.2010 ж. ҚР ДСМ-мен бекітілген) сай жүргізіледі. Осы әдістеме «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР-ның 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХП Заңының негізгі ережелеріне Қазақстанның үш облысының зардап шеккен аудандарының аумақтарын радиациялық қауіп аймақтарына бөлу бөлімі бойынша бейімделген.  

 

Өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесі қызметінің нәтижелері

2011 жылы 2201 іс қаралды. Оның ішінде оң қорытындымен – 1588, теріс қорытындымен – 613.

2012 жыл ішінде 2188 іс қаралды, оның ішінде оң қорытынымен – 1597, теріс қорытындымен – 591. 

2013 жыл бойынша 2271 іс қаралды, оның ішінде оң қорытындымен  - 1597, теріс қорытындымен – 674.

 

Аурулардың/өлімнің сәулеленумен сепебті байланысын белгілеу бойынша қаралған істердің саны