«Қазақстан – Ұлы Дала Елі»

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4-ші «Бірегейлік пен бірлік» бағытын  іске асыру  шеңберінде  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа бірегей өнімді сандық қосымшаны әзірлеп ұсынды.

Бұл жоба 87-ші «қадамда»  көзделген   әрбір азаматқа және шетелдік туриске ел туралы көбірек білуге көмектесу мақсатында «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру жөніндегі Елбасының тікелей тапсырмасының  орындалуының нәтижесі.

Бұл Қосымша еліміз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017».

Жоба қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Қосымша әрқайсысында жеке  фотогалереясы бар 68 тараудан, барлығы 370-тен астам фотосуреттен; 24 бейнероликтен; 12 3D объектісінен; 20 панорамалық фотосуреттен; 12 интерактивті 3D кескіннен; 4 интерактивті 3D картасынан тұрады.

04 october 2016

Comments (0)