«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру» бойынша кездесу

2015 жылғы 8 қазанда Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың» мазмұнын түсіндіру бойынша кездесу өтті. 

Кездесуде Семей өңірі бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық басқарманың кеңесшісі С.К. Жамбасбаев Радиациялық медицина және экология ҒЗИ қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен таныстырды.

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мен қаржы полициясы органы сияқты екі құрылымның қосылуы жүзеге асырылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті болып қайта ұйымдастырылғаны туралы хабарланды.   

Сонымен қатар, С.К. Жамбасбаев 1494 қысқаша нөміріне хабаласу бойынша бірыңғай тегін call-центрдің жұмыс істейтіні және әркімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алуға немесе сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері туралы хабарлауға мүмкіндігі бар екені туралы хабардар етті.  

12 october 2015

Comments (0)