«Экология. Радиация. Денсаулық» XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2016 жылғы 28-29 тамыз аралығында ҚР ҰҒА академигі Б. Атшабаровтың және Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толу құрметіне арналған «Экология. Радиация. Денсаулық» атты XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің қабырғасында өткізілді. Сонымен қатар Радиациялық медицина және экология ҒЗИ-да конференцияның қосымша ұйымдастырылған секциясы болып өтті.

Конференция жұмысына Жапонияның, Ресейдің, Қазақстанның және басқа елдердің жетекші ғалымдары қатысты. Негізгі ғылыми бағыттардың тақырыбы мынадай болды: радиациялық экология және қауіпсіздік; клиникалық медицинаның өзекті мәселелері; экологиялық жағымсыз аумақтарда тұратын халық арасындағы ауруларды емдеу, алдын алу және оңалту. 

19 september 2016

Comments (0)