ҰОС-дағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу

2015 жылғы 6 мамырда Радиациялық медицина және экология ҒЗИ-да Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.  

Жалпы жиналысқа институтымыздың барлық қызметкерлері қатысты. Конференц залында қызметкерлерді институтымыздың директоры Қ.Н. Әпсалықов пен институттың бұрынғы басшысы Б.И. Гусев құттықтады. 

Сондай-ақ Жеңістің 70-жылдығы тақырыбында институтың провизоры Е.Г. Коваленко және ғылыми бөлімнің қызметкерлері Д. Жасқайрат пен Ю. Брайт баянадама оқыды.

Жеңіс Күнін мерекелеу соңында ғылыми-зерттеу институтының барлық ұжымы аулаға шығып, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жетпіс жылдық мерейтойына орай 70 ағаш көшеттерін отырғызды. 

 

08 may 2015

Comments (0)