Ұрпақтар кездесуі

veterans

 

4 мамыр күні Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында өткен «Ұрпақтар кездесуінің» басты кейіпкерлері Диспансерде (қазіргі институт) ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлер болды. Әрқайсысы өмірінің еңбек жылдарын институттың игілігі мен өркендеуіне арнаған.

Ардагерлерді директор Әпсалықов Қазбек Неғматұлы институттың дамуы мен өркендеу іргетасының мықты негізін қалағандары үшін алғыс айта отырып жылы қарсы алды. Институттың өткен тарихы, қазіргі қызметі және келешегі туралы презентация ұсынылды. «Біз елдегі радиациялық медицина және экология жөніндегі басты ұйым ретінде Президенттің IV Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте (2016 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір, Вашингтон қ.), сонымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесі қолдаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде айтылған ядролық қауіпсіздік жөніндегі бастамаларын іске асыру төңірегінде маңызды рөл атқарудамыз. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының қазіргі жетістіктері – Қазақстанның ғылыми орталықтары арасындағы жетекші орын және халықаралық құрмет – бұл Сіздердің еңбектеріңізбен жылдан жылға ұласқан ұлы жолдың жалғасы болып табылады – дейді Қ. Әпсалықов. – Біз Сіздердің игі істеріңіз бен жасаған әрекеттеріңіз жайлы жақсы білеміз».     

Шақырылғандардың ішінде №4 Диспансердің (қазіргі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ) бас дәрігері болған, институтқа 1962 жылы невропатолог ретінде келіп, қазіргі уақытқа дейін жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейтін доктор Борис Иванович Гусев болды. «Мен жастық шағымды бірге өткізген достарыммен, қызметтестеріммен жүздескеніме қуаныштымын. Осы жолды барлығымыз бірге кешкеніміз үшін алғыс айтамын» - деп Борис Иванович ардагерлерді жылы қарсы алды. Ол мекеменің серпінді түрде шағын құпия Диспансерден халықаралық деңгейдегі құрметке ие ірі ғылыми институт болып қалыптасқанын атап көрсетті.  

Ардагерлер үшін институт бойынша экскурсия өткізілді. Олар үлкен қызығушылықпен жылжымалы радиоэкологиялық зертхананың ең жаңа жабдықтарын қарап, науқастардың оңалту бөлімшесіне емдеуге жатқызу талаптарымен танысты. Әсіресе олар пациенттерді кешенді емдеуді ерекше атап бағалады, себебі бұндай ем басқа ешбір стационарларда кездеспейді. «Жүректі де, асқазанды да, эндокриндік ауруларды да емдеп, массаж, физиотерапия қабылдауға болады» - деп, медицина ардагерлері абыроймен бағалады.      

Экскурсиядан кейін ескі фотосуреттерден құралған слайдтар көрсетумен шай ішу өткізілді. Ардагерлер жастарға Диспансердегі жұмыстары туралы әңгімеледі, өзара Диспансердің дағдылы жұмыс күндерін естеріне түсіріп, қазіргі уақыттағы өмірлері туралы әңгімелесті. Ардагерлер жастарға сәттілік тіледі. «Бүгінгі жас мамандармен тілдесе келіп, біз институттың сенімді қолда екеніне көз жеткіздік. Жас ғалымдардың өз білімдерін іске асыруға барлық мүмкіндіктері бар. Біз осындай ізбасарларымыздың барын мақтан етеміз» - деді ардагерлер.   

«Институтымыздың тірі тарихын бейнелейтін адамдармен кездесу біз үшін үлкен қуаныш» - деді жастар кездесуден кейін.

Кездесу жылы достық жағдайда өтті. Кездесудің әрбір қатысушысына іс-шара ұйымдастырушылары  сыйлықтар табыстады. Бұндай кездесулерді дәстүрге айналдыру туралы шешім қабылданды.  

17 may 2016

Comments (0)