2015 жылғы 11-12 қараша аралығында Германияның Бонн қаласында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының «Экологиялық орнықты денсаулық сақтау жүйелері»

Осы жиналысқа институтымыздың кіші ғылыми қызметкері Ш.Б. Жақыпова шақырылды.

Денсаулық сақтау жүйелері адамдар денсаулығын жақсартудың, қалпына келтіру мен жоғарғы деңгейде ұстаудың түбегейлі шарты болып табылады. Денсаулық сақтау ұйымдары экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету саласының үздігі болуы қажет.

ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы «жасыл» денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған негізгі іс-қимылдар көрсетілген «Экологиялық орнықты денсаулық сақтау жүйелері» стратегиялық құжатының жобасын әзірлеуде.

Осы жиналыста қатысушы елдердің денсаулық сақтау ұйымдарына түсетін экологиялық жүктемені азайтудағы тәжірибесі көрсетілді. Біздің институттан Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі мен радиоэкологиялық жағдайының экологиялық орнықтылығы жүйесіндегі тәжірибесі жөнінде баяндама оқылды. Сонымен қатар осы стратегиялық құжатқа енгізуге қажетті бағыттар ұсынылды. 2016 жылдың соңына қарай құжаттың түпкілікті жобасы талқыланғаннан кейін «Экологиялық орнықты денсаулық сақтау жүйелері» стратегиялық құжатын күшіне енгізу жоспарланады. 

15 november 2015

Comments (0)