2015 жылғы 9-11 қараша аралығында Германияның Мюнхен қаласында MELODI Мультидисциплиналық Еуропалық төмен мөлшерлік бастаманың «Радиациялық қорғаныс зерттеуінің келесі кезеңі» атты 7-семинары өтті

Осы семинар шеңберінде «SEMI-NUC – Семей ядролық полигоны ауданындағы тұрғындарды проспективтің когорттық зерттеу» секциясы өткізілді. Осы семинарға қатысуға институтымыздың қызметкерлері Т.Ж. Молдағалиев, Т.И. Белихина және А.В. Липихина шақырылды.

SEMI-NUC жобасының мақсаты Шығыс Қазақстандағы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық қару сынақтары нәтижесінде пайда болған төменнен бастап орташа радиациялық мөлшер арқылы сәулеленудің медициналық салдарын зерттеу үшін ұзақ мерзімді перспективалық когортаны белгілеу мүмкіндігіне баға беру болып табылады. Осы кездесу кезінде орындалған жұмысқа шолу, деректер мен биологиялық үлгілердің қолжетімді көздері және болашақ зерттеулерге арналған ұсыныстар жасалды.

SEMI-NUC бойынша секцияда:

- А. Кисминьененің «SEMI-NUC жобасы туралы»,

- А.В. Липихинаның «ССП айналасында тұратын халық тізілімі: төмен мөлшерлер әсерін зерттеуге арналған маңызды инфрақұрылым»,

- Б. Грошенің «Болашақ зерттеулер үшін ССП айналасындағы тұрғындардың біріздендірілген когортасын құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі: әсерге ұшыраған халық тізілімдері»,

- Е. Остроумовтың «ССП-ның түсінділері әсерінің денсаулық үшін ұзақ мерзімді салдарын зерттеу перспективасы»,

- С. Шинкаревтің «ССП халқына эпидемиологиялық зерттеулер жүргізуге арналған мөлшерлерді реконструкциялау амалы: шығарылған қорытындылар және жақсарту перспективалары»,

- С. Бататтың «Болашақ кешенді зерттеулерде пайдалануға арналған биологиялық үлгілер және олардың әлеуеті»,

- Б. Грошенің «Өлім-жітімді зерттеу: когортаны тарихи тұрғыда зерттеудің жаңартылған нәтижелері және қалқанша безі ауруын скринингілеу мақсатында мөлшерлерді бұдан әрі зерттеудің перспективалары»,  

- С. Симонның «Қалқанша безі ауруын скринингілеу үшін мөлшерге баға беру: дозиметриялық тұрлаусыздықтарды есепке алу» баяндамалары тыңдалды.

Келесі жылы SEMI-NUC жобасы аяқталады, соған байланысты көктемде осы жоба бойынша негізгі серіктестердің институтымызға сапары күтілуде.

16 november 2015

Comments (0)