Азаматтарды МСАК ұйымдарына тіркеу бойынша науқан

Құрметті Семей қаласының тұрғындары, Халықты медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу бойынша науқан басталады.

Азаматтарды емханаға, дәрігерлік амбулаторияға тіркеу бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұру, жұмыс, оқу орны бойынша жүзеге асырылады. Азамат бір ғана МСАК ұйымына тіркеледі. Емханаға тіркелу үшін өзіңізбен Жеке куәлігіңізді алып, тіркеу орнын өзгерткен жағдайда тіркеуге еркін түрде өтініш жазуыңыз қажет.    

Емханаға www.egov.kz сайтындағы электрондық үкімет арқылы да тіркелуге болады. Егер сіз бұрын басқа ұйымға тіркелген болсаңыз, бұл орайда тіркеуден шығару электрондық түрде жүргізіледі.

Егер Сіз өзіңіз тіркелген емхананың немесе дәрігерлік амбулаторияның қызмет көрсетуімен қанағаттансаңыз және осы жылы тіркеу науқанына қатыспаған болсаңыз, онда медициналық ұйым Сізді келесі жылға қызмет көрсетуге «үнсіз келісім бойынша» тіркеуге құқылы.

02 june 2017

Comments (0)