Elsevier компаниясының семинары

2014 жылғы 22 қазанда Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында Elsevier компаниясының Қазақстандағы өкілі – Индира Басқынбекқызы Үсентаева Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен бірлесіп «Elsevier компаниясының Science Direct, Scopus сияқты ең жақсы әлемдік ресурстарын енгізу және  практикалық қолдану» тақырыбында семинар өткізді. 

Семинардың тематикасы:

1.Таңдалған тақырып бойынша мақалаларды іздеу;

2.Іздеу нәтижелерін қарау;

3.Іздеу шарттарын нақтылау. Іздеу нәтижелерінің егжей-тегжейлі көрсетілуі;

4. Scopus, Science Direct жүйелері бойынша навигация;

5.Жаңа пәндік салаларды қарау;

6.Дәйексөздер алуды қадағалау және Хирш индексін анықтау;

7.Авторларды сәйкестендіру және олар туралы ақпарат іздеу.

 

Семинарға институттың ғылыми қызметкерлері қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтына осы ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға рұқсат берді.  

24 october 2014

Comments (0)