Медицина қызметкері күнімен!

Адам денсаулығы әрқашан ең зор құндылық, толыққанды өмір негізі болып келеді. Сондықтан да адамдардың бір-біріне арнайтын ең басты тілектерінің бірі – денсаулық. Ал осы тілекті іске асыру міндеті ақ халатты абзал жандардың мойнына жүктеледі. Бұл біз бен Сіздер жататын жанқиярлық, табиғи түйсік, өткір көзқарас және дұрыс шешім қабылдау сияқты қасиеттерінің көмегімен кей кездері ғажайып істер жасайтын айтулы қоғам.

Медицина әрқашан да кәсіби жанқиярлық, мейірімділік, адалдық және қайырымдылық сияқты мәндермен ұштас келген, дегенмен өмір жалғасуда. Қазіргі замандағы бәсекелестік ортада оның жоғары талаптарына «екі еселеп» жауап беру қажет. Асырып айтпағанның өзінде, білімі мен ең мықты адами қасиеттерін уақытында және абыроймен көрсете білген адам ғана жеңіске жетеді. Медицина қызметкерлері еңбектене біледі, және ең бастысы шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, ал бір данан айтқандай: «шығармашылық – адам осы өмірде әрқашан сезіне алатын шынайы, шексіз және нағыз қуаныш».    

Сіздерге сарқылмас денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби өсу, жер бетіндегі ең игі және гуманистік кәсіп атынан алға қойған жоспарларыңызға қол жеткізуде сәттілік тілейміз.  

 

РМжәнеЭ ҒЗИ директоры Қ.Н. Әпсалықов.

16 june 2016

Comments (0)