Еуропалық ғалымдар делегациясы

2014 жылғы 21-26 маусым аралығында Радиациялық медицина және экология ҒЗИ-да радиобиология және радиациялық медицина саласындағы халықаралық делегация жұмыс істеді. Делегация Еуропадан келген ғалымдардан тұрды:

- Bernd Grosche Германияның Радиациялық қорғаныс жөніндегі федералды ведомствосының Иондаушы және иондаушы емес сәулелендіруден болған әсерлер мен қауіптер бөлімінің басшысы,

- Sarah Baatout Бельгияның Гент Университеті мен Намюр университетінің (Gent University and Namur University) радиобиологиялық тобының басшысы,

- Тамара Жунусова Норвегияның Норвегия радиациялық қорғаныс жөніндегі басқармасының аға ғылыми қызметкері.

2013-2015 жылдардағы «Семей ядролық сынақ полигонының жанында тұрақты тұратын адамдар тобын перспективті зерттеу» халықаралық жоба бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Болашақта Қазақстан Республикасында Семей ядролық сынақ полигонының жанында тұратын халық үшін толық масштабты эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу жоспарланады.

Сонымен қатар Адам ағзасына радиацияның шағын мөлшерлерін зерттеу бойынша Еуропалық ғылыми платформа дерекқорымен бірге институттағы ҚР-ның СЯСП-дағы ядролық қару сынақтары нәтижесінде радиациялық әсерге шыраған халқының Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелімін генетикалық зерттеу және бейімдеу аясындағы бірлескен болашақ жобалар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

01 july 2014

Comments (0)