Медицина қызметкері күні

2015 жылғы 18 маусымда РМжәнеЭ ҒЗИ директоры Қ.Н. Әпсалықов барлық қызметкерлерді Медицина қызметкері күнімен құттықтады.

 

«Құрметті әріптестер, Медицина қызметкері күні мерекесімен шын жүректен құттықтау тілегімді қабыл алыңыздар!»

 

Арашажаныңа,

Қасыңнан кетер табыла.

Ақ халатты дәрігер, Мерекесі тағы да.

Алғыс болсын алғаның,

Мәртебең асып самғағын.

Еселесін еңбегің,

Өмірдің алып бар бағын.

 

Еңбегің неткен зор еді,

Кигенің алғыс тон еді.

Құтты болсын мейрамың,

Дәрігер- өмір тірегі.

Дем берген дауа жүрегі,

Науқастың сенер тірегі

Сыйлаған саулық әр үйге,

Өрлесін бақыт-терегі.

 

Сіздерге мықты денсаулық, жарқындылық, сарқылмас шабыт, бақыт, жұмыстарыңызда үлкен табыс тілеуге рұқсат етіңіздер!

РМжәнеЭ ҒЗИ директоры: Қ.Н. Әпсалықов.

 

 

18 june 2015

Comments (0)