Springer компаниясының семинары

2015 жылы 13 мамырда Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында Springer компаниясының Қазақстандағы өкілі – Ирина Александровна ғылыми бөлім қызметкерлері арасында «Springer компаниясының ең ірі баспа концерндерінің бірімен таныстыру және практикалық қолдану» тақырыбы бойынша семинар өткізді. «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ («ҰҒТАО» АҚ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жан-жақты қолдауымен 2015 жылы ғылымның, техника мен медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша әлемдегі ең ірі және ең көне (1842 ж.) ғылыми баспалардың бірі Springer халықаралық компаниясының ғылыми журналдарының толық мәтіндік топтамасын пайдалануға рұқсат туралы келісімге қол қойды.  

Springer баспасы халықаралық ғылыми қауымдастық арасында керемет беделге және атаққа ие:

* Тек 2013 жылы 120 миллионан астам пайдаланушы 229 миллионнан астам рет SpringerLink-ке кіріп, 419 миллион құжат жүктеді.    

* Springer-дің барлық кітаптары, журналдары мен басылымдары рецензияланады және қатаң және объективті сараптамалық бағалаудан өтеді. 

* Springer-дің 2305 журналының 1601 журналы импакт-факторға ие, Thomson Reuters-пен индекстеледі, ал 2247 журнал Scopus-пен индекстеледі.

* Springer-дің ешбір журналы «жыртқыш» журналдар тізіміне енгізілген емес.

* Springer баспасының журналдары Қазақстанда әлдеқашан белгілі және танымал. Статистикаға сәйкес  қазақстандық зерттеушілер жарияланатын бес журналдың төртеуін Springer басып шығарады. 2000 жылдан бастап 2013 жылға дейін Springer-дің 294 журналында (2000 астам журнал) қазақстандық авторлардың 1632 мақаласы жарияланды. 2001-2013 жылдар кезеңінде Springer-де қазақстандық авторлар 11 бағыт бойынша 133 кітапта 276 тарау жариялады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің тапсырмасына сәйкес «ҰҒТАО» АҚ мен Springer компаниясы ұйымдардың – заманауи ақпараттық жетекші ресурстардың белсенді пайдаланушыларының санын ұлғайту, сондай-ақ қазақстандық ғалымдардың Springer-дің импакт-факторға ие (Thomson Reuters) және Scopus-те индекстелетін рейтингтік журналдарда жариялану белсенділігін арттыру бойынша тренингтер жүргізуде.

Семинардың тақырыбы: «Springer ресурстарын инновациялық экономика саласындағы кадрларды даярлау үшін пайдалану», Қадамдық тренингтер: «Жеке стратегия. 1-қадам: ғылыми нәтижелерді жариялау үшін журналды қалай табу», «Жеке стратегия. 2-қадам: сапалы мақаланы қалай дайындау», «Жеке стратегия. 3-қадам: зерттеу бағыттары шеңберінде мақалалардың үлгілерін талдау», «Жеке стратегия. 4-қадам: импакт-факторы бар шетелдік рейтингтік журналдарда мақаланы қалай жариялау». Семинар нәтижелері бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.  

Семинар ғылыми-зерттеу институтының барлық қызметкерлеріне ұнады және соңында Ирина Александровнаға өткізілген семинар үшін алғыстарын білдірді. 

 

14 may 2015

Comments (0)