Халықаралық делегация

2015 жылғы 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында Радиациялық медицина және экология ҒЗИ-да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі (Франция) өкілі, Қоршаған ортаны қорғау және радиация бөлімі басшысының орынбасары Ausrele Kesminiene басшылығымен радиобиология және радиациялық медицина саласындағы халықаралық делегация жұмыс істеді. Делегация құрамында 7 елдің ғалымдары болды:

Франция:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттік – Евгения Остроумова ғалым, Tracy Lignini SEMI-NUC жобасының ассистенті.

Радиациялық қорғаныс және ядролық қауіпсіздік институты – Laurier Dominique.

Германия:

Радиациялық қорғаныс жөніндегі федералды ведомство – Bernd Grosche Иондаушы және иондаушы емес сәулелендіруден болған әсерлер мен қауіптер бөлімінің басшысы.

Норвегия:

Радиациялық қорғаныс жөніндегі Норвегия басқармасы – Тамара Жунусова аға ғылыми қызметкер.

Жапония:

Ұлттық радиологиялық ғылымдар институты – Shinji Yoshinaga Қауіптер талдауы тобының жетекшісі, Hiroshi Yasuda.

Радиациялық әсерлер зерттеу қоры – Hiroaki Katayama SEMI-NUC жобасының сыртқы кеңесшісі.

Ресей Федерациясы:

А.Ф. Цыба атындағы Медициналық радиологиялық ғылыми орталық - Степаненко Валерий Федорович медициналық-экологиялық дозиметрия және радиациялық қауіпсіздік зертханасының меңгерушісі.

Бурназян атындағы Мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталық, Федералды медициналық биофизикалық орталық - Шинкарев Сергей Михайлович өнеркәсіптік радиациялық гигиена бөлімінің меңгерушісі, халық дозиметриясы зертханасының меңгерушісі, Яценко Владимир Наумович, адам мен қоршаған ортаны радиометриялық және спектроскопиялық зерттеу зертханасының меңгерушісі.

Бельгия:

Бельгия ядролық зерттеу орталығы – Sarah Baatout радиобиологиялық топтың басшысы.

Жұмыс кездесу барысында «Семей ядролық сынақ полигоны жанында тұрақты тұратын адамдар тобын перспективті зерттеу» SEMI-NUC халықаралық жобасы бойынша ытымақтастық мәселелері талқыланды. Болашақта Қазақстан Республикасында Семей ядролық полигоны жанында тұратын халық үшін толық масштабты эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар Адам ағзасына радиацияның шағын мөлшерлерін зерттеу бойынша Еуропалық ғылыми платформа дерекқорымен бірге институттағы ҚР-ның СЯСП-дағы ядролық қару сынақтары нәтижесінде радиациялық әсерге шыраған халқының Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелімін генетикалық зерттеу және бейімдеу аясындағы бірлескен болашақ жобалар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сапар Қазақстан мен әлемдік ғылыми қауымдастық арасындағы радиацияның шағын мөлшерлерінің ықпалын зерттеу мәселелері төңірегіндегі ынтымақтастығын нығайту мақсатында шақырылды.   

07 april 2015

Comments (0)