theme.linked

Нет связанных публикаций

Навигация по меткам

Lorem ipsum dolor

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ea, magni repellat, a omnis natus ut minima odit nam, nisi autem ratione velit eligendi, dolores tempore unde eos illum exercitationem maxime? Ullam molestiae magnam repellat, quia praesentium consectetur omnis consequatur maiores, amet aperiam debitis possimus maxime. Alias eligendi sunt rem nostrum?

Семейдегі халықаралық симпозиум

2019 жылғы 29 тамызда Семей полигонында алғашқы ядролық қару сынақтарының өткізілгеніне 70 жыл толды; сол сәттен бастап ядролық полигонның айналасында тұрып жатқан адамдардың сәулеленуіне алып келген бірқатар жерүсті және жерасты сынақтар өткізілді. Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы тікелей сәулеленген адамдардың ғана емес, сол сияқты олардың ұрпақтарының денсаулығы үшін жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін.

2019 жылғы 4 қазанда Семей қаласында «Радиацияның шағын мөлшерлері және обыр: Семей ядролық сынақ полигонындағы алғашқы сынақтан кейінгі 70 жыл» тақырыбында халықаралық симпозиум өткізілді.

Симпозиумды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Обырды зерттеу халықаралық агенттігі (Лион, Франция) және «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты (Семей, Қазақстан) ұйымдастырды.

Обырды зерттеу халықаралық агенттігі (ОЗХА/ДДҰ, Лион) және Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты (РМЭ ҒЗИ, Семей) Семей полигонындағы ядролық сынақтардың халық денсаулығына ұзақ уақыт өткеннен кейінгі салдарын зерттеу саласындағы ынтымақтастыққа үлкен мән береді.

Конференцияның қатысушыларына құттықтау сөз сөйлегендер:
Семей қ. әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов мырза
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған орта департаментінің (Женева, Швейцария) ғылыми үйлестірушісі, доктор Жанат Карр
«СМУ» КеАҚ Ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, профессор Бөлегенов Толқын Алпысбайұлы
«СМУ» КеАҚ Радиациялық медицина және экология ҒЗИ директоры, профессор Молдағалиев Талғат Жұмаситұлы.

Эпидемиология, дозиметрия, қауіп коммуникациясы және молекулалық биология саласындағы танылған сарапшылар ғылыми баяндамаларын ұсынды.
Халықаралық ғылыми қоғамдастық Францияның (Обырды зерттеу халықаралық агенттігі, Ұлттық денсаулық және медициналық зерттеулер институты), Жапонияның (Хиросима Университеті, Окаяма ғылым университеті), Германияның (Радиациялық қорғаныс федералды ведомствосы), Ресейдің (А.Ф. Цыб атындағы Медициналық радиологиялық ғылыми орталық, А.И. Бурназян атындағы Федералды медициналық биофизикалық орталық, Урал радиациялық медицина ғылыми-практикалық орталығы) ғалымдарынан құралды.

Қазақстандық тараптан Симпозиумде «СМУ» КеАҚ Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының (Семей қ.), ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының (Курчатов қ.) ғалымдары баяндамаларын ұсынды.

Сондай-ақ Симпозиум жұмысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттен, Семей медицина университетінен, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінен, Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығынан қазақстандық ғалымдар қатысты.

Симпозиумның басты мақсаты қазақстандық ғалымдардың 70 жыл бойғы жеке және сол сияқты халықаралық ғалымдармен ынтымақтастықта жүргізген көптеген ғылыми зерттеулер барысында сәулелену деңгейлері және ядролық сынақтардың ұзақ уақыт өткеннен кейінгі канцерогендік әсерлері туралы алынған ағымдағы мағлұматтарды шолу, сондай-ақ одан әрі ғылыми зерттеулердің бағыттарын талқылау болып табылды.

Осы зерттеулер зардап шеккен халық пен олардың ұрпақтарының денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ денсаулық үшін иондаушы радиацияның шағын мөлшерлерінің созылмалы әсер етуінің ұзақ уақыт өткеннен кейінгі әсерлері туралы білімдерімізді тереңдетуге бағытталатын болады, бұл халықты ядролық оқиғалар болған жағдайда радиациялық қорғау шараларын жетілдіруде қажет болып табылады.

Источник:
08 қазан 2019
Иван Иванович 19.04.2016 в 19:44
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Consequuntur fugiat ut illum quam, deleniti optio eum vitae blanditiis suscipit architecto officia expedita, nihil quia commodi. Quisquam consequuntur dignissimos dolor enim iure nostrum perspiciatis nulla cumque sunt sit, hic, magnam blanditiis?
Ответить
Иван Васильевич 19.04.2016 в 19:45
Praesentium minima aliquid laboriosam natus blanditiis odit possimus corporis sit architecto neque? Neque similique inventore, error eius in rerum eaque labore sit excepturi libero dicta, dolore assumenda ipsam. Sed assumenda ducimus unde, eligendi, soluta fuga obcaecati porro impedit a ipsa.
Ответить
Иван Иванович 19.04.2016 в 19:47
Rem, repudiandae magni. Perspiciatis quia dolore minus, pariatur esse iusto, odit magnam omnis quod maxime reiciendis aliquid molestias in nostrum nam. Excepturi omnis nisi, libero quae animi a incidunt unde, quos tempore exercitationem velit nobis ducimus expedita fuga adipisci vero.
Ответить