МҒАМТ (автоматтандырылған медициналық тіркелім)

 Жетекші

 ЛИПИХИНА АЛЕКСАНДРА ВИКТОРОВНА

Биология ғылымдарының кандидаты

av

1991 жылы С.М. Киров атындағы Томск политехникалық институтын аяқтады, алған мамандығы – инженер-физик.

Кандидаттық диссертация тақырыбы: 03.00.13.- экология мамандығы бойынша «Семей ядролық сынақ полигоны ауданындағы радиоэкологиялық ахуал және радионуклидтердің ұзақ мерзімді әсерінен болған мөлшерлік жүктемеге баға беру (Абай ауданы үлгісінде)».

Дәреже тағайындалған жыл: РФ дипломы – 2006 жыл, ҚР дипломы – 2011 жыл.

50-ден астам ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде 11-і халықаралық баспаларда, соның ішінде алыс және жақын шетелдің беделді баспаларында, Қазақстанда, Ресейде, АҚШ-та және Еуропада өткізілетін конференциялар мен симпозиумдардың материалдарында.

Наградалары: 

1. «Денсаулық сақтау жүйесіндегі жемісті жұмысы үшін, халыққа медициналық көмек көрсетудегі үлесі үшін және Медицина қызметкерлері күніне орай» Денсаулық сақтау министрлігінің грамотасы. 2011 жыл.

2. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, 2014.

3. Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, 2015

 

Бөлім тарихы

Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелім (МҒАМТ) 2003 жылы РМжәнеЭ ҒЗИ-да Радиациялық әсерлерді зерттеу жөніндегі институт (Radiation Effects Research Foundation, Хиросима қ., Жапония) мамандарының қатысуымен құрылды. Солардың көмегімен компьютерлік бағдарлама әзірленді, деректерді сақтауға арналған сервер орнатылды.

МҒАМТ құруға 16.11.1999 жылы өзгертілген «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР-ның 1992 жылғы 18 желтоқсандағы №1787-XII Заңы, 4, 5, 17-баптары негіз болды.

МҒАМТ ҚР Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Тізілімінде тіркелген (мемлекеттік тіркелу туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 253 куәлік). ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 327 бұйрығымен МҒАМТ 2010 жылғы 25 наурызда № KZ-Б-10-0000003 бойынша «РМжәнеЭ ҒЗИ» РМҚК-ның зияткерлік меншік объектісі ретінде тіркелді. 

Осы тіркелімнің аналогтарына Жапониядағы зардап шеккендер тіркелімі, Томсктағы, Челябинсктегі өңірлік ресейлік медициналық-дозиметриялық тіркелімдер, Чернобыль тіркелімі (Украина, Белоруссия, Ресей) жатады. 

 

2007-2010 жылдар кезеңінде институт «Қазақстанның иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған халқының Мемлекеттік автоматтандырылған медициналық тіркелімін жетілдіру және жеке салдар кезеңіндегі медициналық-әлеуметтік мониторинг бойынша ғылыми-негізделген бағдарламаларды әзірлеу» ҒТБ орындады. 

 

Тіркелімді құру мақсаты  Семей ядролық полигонындағы ядролық қару сынақтары нәтижесінде радиациялық әсерге ұшыраған  адамдар мен олардың кейінгі ұрпақтарын алынған сәулелену мөлшерлерін және олардың денсаулық жағдайларын динамикалық қадағалауға арналған медициналық ақпаратты көрсете отырып ұзақ мерзімді, автоматтандырылған, дербес есепке алуды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Тіркелім дерекқорындағы ақпарат төлқұжат бөлімін, радиациялық бағытты, тіркелетін адамдардың туыстық байланысын, кәсібін, ресми құжаттардың болуы мен нөмірлерін, дозиметриялық деректерді, сондай-ақ РМжәнеЭ ҒЗИ-дың диагностикалық бөлімінде және скринингтік зерттеп-қарау барысында институт қызметкерлері жүргізген кешенді зерттеп-қарау нәтижелері бойынша медициналық деректерді; өлімі жағдайында – өлімінің себебін қамтиды. Тіркелім дерекқорына кіргізілген әр тұлғаға жеке нөмір тағайындалған. 

Тіркелімдегі дерекқордың әр резиденті бойынша деректерге сүйене отырып, есептеу бағдарламасының көмегімен соммалық тиімді эквиваленттік мөлшерді есептеп шығаруға болады.

Дерекқор толтыруды МҒАМТ бөлімінің қызметкерлері денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдарымен және тікелей тұрғылықты жерлерде халықпен тұрақты ынтымақтастықта жүзеге асырады. Дерекқорға ақпарат алғашқы қағаз құжаттардан енгізіледі және қайталану мен техникалық енгізу қателіктерін болдырмау мақсатында тексеру рәсімінен өтеді. 

 

Практикалық маңызы

Тіркелім деректерін талдау қандай да бір адамдар санаты арасындағы сырқаттанушылық пен өлім-жітім динамикасын болжауға, радиоактивті ластанған аумақтардағы радиологиялық, медициналық-демографиялық және әлеуметтік-психологиялық жағдайды бұдан әрі зерделеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Есепке алу мен мониторинг нәтижесінде радиациялық әсерге ұшырағандардың барлығы дерлік тұрақты медициналық бақылауға алынды және РМжәнеЭ ҒЗИ-да тереңдетілген медициналық зерттеп-қарау мен оңалту емінен өту мүмкіндігіне ие болды.

Адам деректерін тіркелімге енгізу үшін адамға Тіркемелік карта толтырылып, РМжәнеЭ ҒЗИ-ға берілетін тіркелген орны бойынша алғашқы медициналық көмек мекемесіне жүгіну қажет.

Тіркемелік карта

  1.  «Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңда (4-10-баптар) көрсетілген аумақтарда тұратын;
  2. СЯСП-дағы ядролық сынақтар нәтижесінде зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақы құқықтарын растайтын куәліктері (полигон куәлігі / экологиялық куәлік) немесе Заңға сәйкес ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақтарда туу және тұру фактісін растайтын құжаттары бар тұлғаларға толтырылады.

Тіркемелік карта құжаттардың түпнұсқасының негізінде үлгі бойынша толтырылады:

  1. міндетті – СЯСП-дағы ядролық сынақтар нәтижесінде зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақы құқықтарын растайтын куәлік (полигон куәлігі), жеке куәлік және/немесе туу туралы куәлік;
  2. қосымша – бар болған жағдайда неке қию туралы куәлік, Заңда көрсетілген аумақтардағы еңбек қызметін растау үшін еңбек кітапшасы;
  3. сканерленген құжаттар немесе құжаттардың көшірмелері тіркемелік картамен қоса беріледі.

 

Тіркелімде ядролық қару сынақтары нәтижесінде радиациялық әсерге ұшыраған 317 000-нан астам адам туралы дербес төлқұжаттық-тіркемелік және медициналық деректер бар.