ДБЗ (Дозиметриялық бақылау зертханасы)

 

Жетекші

ЛИПИХИНА АЛЕКСАНДРА ВИКТОРОВНА

Биология ғылымдарының кандидаты

av

1991 жылы С.М. Киров атындағы Томск политехникалық институтын аяқтады, алған мамандығы – инженер-физик.

 

Кандидаттық диссертация тақырыбы: 03.00.13.- экология мамандығы бойынша «Семей ядролық сынақ полигоны ауданындағы радиоэкологиялық ахуал және радионуклидтердің ұзақ мерзімді әсерінен болған мөлшерлік жүктемеге баға беру (Абай ауданы үлгісінде)».

Дәреже тағайындалған жыл: РФ дипломы – 2006 жыл, ҚР дипломы – 2011 жыл.

 

50-ден астам ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде 11-і халықаралық баспаларда, соның ішінде алыс және жақын шетелдің беделді баспаларында, Қазақстанда, Ресейде, АҚШ-та және Еуропада өткізілетін конференциялар мен симпозиумдардың материалдарында.

Наградалары: 

1. «Денсаулық сақтау жүйесіндегі жемісті жұмысы үшін, халыққа медициналық көмек көрсетудегі үлесі үшін және Медицина қызметкерлері күніне орай» Денсаулық сақтау министрлігінің грамотасы. 2011 жыл.

2. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, 2014.

3. Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, 2015

 

Бөлім тарихы

1957 жылдан бастап №4 Диспансер ашылғаннан бері А.Н. Каткованың басшылығымен радиациялық-гигиеналық бөлімнің мобильді тобы құрылды, оның міндеттері сыртқы орта объектілері мен жергілікті өндірістің азы-түлік өнімдерін олардағы ядролық бөліну өнімдерінің мөлшеріне бұдан әрі баға беру мақсатында іріктеу болып табылды.

Әртүрлі жылдары Семей полигонына іргелес аумақтардағы радиоэкологиялық зерттеулерге үлесті Диспансердің, бұдан кейін ғылыми-зерттеу институтының А.А. Смирнов, В.И. Дереглазов, Г.Е. Смирнов, В.И. Дусь, З.И. Зальцман, Н.Н. Куракина, Е.Г. Федербуш, В.Г. Косатов, Т.Г. Кириллова сияқты ғылыми қызметкерлері қосты. 

 

Бөлім қызметкерлері

Қазіргі уақытта бөлімде 5 адамнан тұратын білікті қызметкерлер құрамы жұмыс істейді. Оның ішінде 1-і химия ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие және Ресейлік Жаратылыстану Академиясының Профессоры болып табылады, ал екеуі – «Экология» және «Информатика» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

Барлық қызметкерлер ғылыми зерттеулер менеджменті бойынша оқудан өтті.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері

1. Дозиметриялық жабдық пен зертханалық әдістерді пайдалану арқылы Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда тұрып жатқан халықты кешенді дозиметриялық бақылау.

2. Қазақстанның СЯСП-ға іргелес аумақтарда тұрып жатқан бақыланатын халқы үшін мөлшерлік жүктемелерді ретроспективтік және проспективтік реконструкциялау.

3. Бақыланатын аумақтардағы елді мекендердің тұрғын үй қорларындағы радиоактивтілікті зерделеу. Негізгі мөлшер құрушы факторларды зерттеу.

 

Бөлімнің функциялық міндеттері

1. Физикалық зерттеулер жүргізу:

  • сынама алу
  • сынамалар мен препараттарды дайындау
  • дозиметрия
  • радонометрия
  • спектрометрия

2. Есептеу-сараптамалық зерттеулерді жүргізу:

  • СЯСП-ға іргелес аумақтарда тұрған халық үшін мөлшерлік жүктемелердің ядролық сынақтар жүргізу кезеңіндегі қалыптасу заңдылықтарына ретроспективтік баға беру және зерделеу;
  • СЯСП-ға іргелес аумақтарда тұрып жатқан халық үшін мөлшерлік жүктемелерге проспективтік баға беру.

3. Қолданбалы зерттеулер жүргізу:

  • табиғи экожүйелердің радиоактивті ластануының адамға ықпалының салдарына баға берудің әдістемелік амалдарын әзірлеу;
  • адам үшін мөлшерлік жүктемелерге баға беруге арналған дозиметриялық үлгілерді әзірлеу;
  • радиоэкологиялық ақпараттан тұратын және бақыланатын аумақтардың халық қозғалысын көрсететін дерекқор құру.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

  1.  СЯСП-ға іргелес аумақтардың қазіргі радиоэкологиялық жағдайына баға беру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары Радиациялық медицина және экология ҒЗИ (Семей, Қазақстан) мен Радиациялық биология және медицина ЗИ (Хиросима университеті, Жапония) мамандарымен ядролық қару сынақтарының радиоактивті түсінділерінің Семей өңірінің қоршаған ортасына да, сол сияқты халқына да әсерін зерделеу мақсатында   1995 жылдан бастап жүргізіліп келеді.
  2. «Экологиялық факторлардың урбандалған аумақтар халқының денсаулығына ықпалы» атты ғылыми-техникалық жұмысты орындау туралы «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК-мен 24.02.2010ж. № 343 Шарт (Қазақстан, Қарағанды қ.). Іске асыру мерзімі 01.01.2010 – 31.12.2012 жж.
  3. «Семей ядролық сынақ полигонының әсер ету ауданындағы табиғи орталар мен адам биосубстраттарының элементтік құрамы» атты ғылыми-техникалық жұмысты орындау туралы Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті ЖКБ МБМ-мен (Ресей Федерациясы, Томск қ.) шарт. Іске асыру мерзімі 04.01.2012 – 28.12.2013 жж.