ЖЭК (Жергілікті-этикалық комитет)

Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссия (ЭЖК) денсаулық сақтау ұйымының жанында осы ұйым базасында жүргізілетін зерттеулерге тәуелсіз баға беру үшін құрылады.

Комиссия өз жұмысында негізгі халықаралық құжаттарды – Хельсинск декларациясын, биомедициналық зерттеулер сараптамасын жүргізетін Этика жөніндегі комитеттерге ДДСҰ ұсынымдарын, тиісті клиникалық практика бойынша стандарттарды (Good Clinical Practice), сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Этика жөніндегі жергілікті комиссия туралы ережені басшылыққа алады.