Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

 

del

Радиациялық медицина және экология ҒЗИ мамандары Жапонияның, АҚШ-тың, Германияның, Англияның ғалымдарымен бірлесіп мөлшерлерді реконструкциялаудың жаңашыл технологияларын (термолюминисценттік дозиметрия, магниттік-ядролық резонанс, гендік мутацияларды зерттеу) қолдану арқылы сәулеленудің тиімді мөлшерлерін реконструкциялау және Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының экспозицияланған халқы үшін медициналық салдарға баға беру бойынша үлкен жұмыс жүргізді.   

Радиациялық медицина және экология ҒЗИ бірнеше рет Жапония (Хиросима университеті), Ресей (Биофизика институты), АҚШ (Ұлттық денсаулық институты), Радиациялық гигиена (Германия, Мюнхен), Ұлыбританияның Қатерлі ісік ауруларын зерттеу жөніндегі институты сияқты серіктестермен бірге халықаралық гранттық жобаларға қатысты.

Радиациялық медицина және экология ҒЗИ-дың Жапонияның ғылыми мекемелерімен халықаралық ынтымақтастығының аса маңызды аспектілерінің бірі институт қызметкерлерінің RERF-тің, Хиросима және Нагасаки Университеттерінің жетекші бөлімдері мен зертханаларында, RIRBM-де, проф. Такейчи емханасында және Saiseikai Hiroshima Hospital-да біліктіліктерін арттыру мүмкіндігі болып табылады. Хиросима Университеті мамандарының қатысуымен Қазақстанның ядролық қару сынақтарының нәтижесінде сәулеленуге ұшыраған халқының Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық Тіркелімі құрылды.

 

РМжәнеЭ ҒЗИ-дың ынтымақтастық туралы шарттары:

  1. РМ және Э ҒЗИ және Нагасаки Университеті арасындағы Академиялық ынтымақтастық жөніндегі келісім. Мерзімі: 2013-2018 жж.
  2. РМ және Э ҒЗИ және Hiroshima University арасындағы халықаралық ғылыми алмасу туралы шарт (Хиросима университеті, Жапония).
  3. РМ және Э ҒЗИ және «Урановая геология» халықаралық инновациялық ғылыми-білім беру орталығы, Ресей, Томск арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы шарт. Мерзімі: 2012-2017 жж.
  4. РМ және Э ҒЗИ және Уральск радиациялық медицина ғылыми-практикалық орталығы (Челябинск) арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы шарт.
  5. РМ және Э ҒЗИ және Алтай медициналық-биологиялық проблемалар ғылыми орталығы (Барнаул) арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы шарт.

РМ және Э ҒЗИ және Ресей Федерациясының Биофизика институты арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы шарт.

  1. РМ және Э ҒЗИ және РФ-ның Федералды медициналық-биологиялық агенттігінің Северск биофизикалық ғылыми орталығы арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы шарт.
  2. РМ және Э ҒЗИ және «Томко» Жабық акционерлік қоғамы, Ресей, Томск арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы шарт. Мерзімі: 2012-2017 жж.
  3. РМ және Э ҒЗИ және MANAVBHARTI UNIVERSITY – SOLAN (H.P) – INDIA арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық академиялық келісім. Мерзімі: 2012-2017 жж.
  4. РМ және Э ҒЗИ және Ресей Федерациясының ДС және ӘДМ «Медициналық радиологиялық ғылыми орталығы» ФМБМ арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы шарт. Мерзімі: 2011-2016 жж.
  5. РМ және Э ҒЗИ және Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетінің геоэкология және геохимия кафедрасы (Ресей, Томск қ.) арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы шарт. Мерзімі: 2011-2016 жж.  

 

РМ және Э ҒЗИ-дың халықаралық жобаларға қатысудағы тәжірибесі

- СЯСП-ға іргелес аумақтар үшін ретроспективтік мөлшерлік жүктемелерді реконструкциялау және есептеу. (топырақ, су, ағаштар қабығы, кірпіш, тіс эмалінің ЭПР дозиметриясы) Жапония (Хиросима университеті) – Ресей (Биофизика институты) – АҚШ (NIH)

- Еуропалық комиссиядан Радиациялық гигиена институтымен (Германия, Мюнхен) бірлескен халықаралық грант, INCO-KOPERNICUS бағдарламасы шеңберінде «ССП-дағы ядролық қару сынақтарының Семей облысы халқының денсаулығына ықпалын зерттеу» тақырыбындағы жоба. 

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (WHO) Қатерлі ісік ауруларын зерттеу жөніндегі институтпен (Ұлыбритания, Лондон) бірлескен «Семейдегі ядролық сынақтар учаскесінен тікелей жақын маңда тұратын халық арасындағы радиациялық экспозицияға байланысты репродуктивтік денсаулыққа баға беру» тақырыбындағы халықаралық грант

- Радиациялық әсерлерді зерттеу жөніндегі институтпен (RERF, Хиросима қ., Жапония)  бірге «СЯСП-ның қызметі нәтижесінде зардап шеккендердің Мемлекеттік Ғылыми медициналық тіркелімін құру» халықаралық жобасы.

- Бейбітшілік институтымен (Хиросима университеті) «Ядролық қару сынақтарына ұшыраған аумақтарда тұрып жатқан халық үшін әлеуметтік-психологиялық салдар» тақырыбындағы халықаралық жоба.

- Микросателлитті тұрақсыздықтың радиациялық-индукцияланған канцерогенезге генетикалық бейімділігіне ықпалы (Израиль, Хайф университетінің Эволюция институты мен АҚШ-тың Вирджиния штатының университетімен бірлесіп).

- «Ауыр» судың Қазақстанның кейбір өңірлеріндегі халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығына ықпалын зерттеу («Экологический императив» ғылыми-техникалық қауымдастығы мен Израильдің Хайф университетімен бірлесіп).

- Қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттікпен (Франция), Радиациялық қорғаныс жөніндегі Норвегия басқармасымен (Норвегия), Радиациядан қорғау жөніндегі федералды ведомствомен (Германия), ҚР ҰЯО-ның Радиациялық қауіпсіздік институтымен, Радиологиялық ғылымдар ұлттық институтымен (Жапония) бірлескен «Семей ядролық полигонына іргелес аумақтардың халқы бойынша проспективтік когорттық зерттеу – техникалық-экономикалық негіздеме» халықаралық жобасы.

- Норвегия халықаралық қарым-қатынастар институтымен (The Norwegian Institute of International Affairs) бірге «Семей ядролық полигонының гуманитарлық салдары» жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім.