ҒЗЗ (ғылыми-зерттеу зертханасы)

Жетекші

КӨШПЕСОВА ГҮЛСЫМ КӘБЖАНҚЫЗЫ

Медицина ғылымдарының кандидаты

 

 

 

БіліміСемей мемлекеттік медицина институты (1985-1991). Факультет: педиатрия, мамандығы: дәрігер-педиатр.

Кандидаттық диссертация тақырыбы: Шығыс Қазақстан облысының радиациялық әсерге ұшыраған халқының денсаулық жағдайын радиациялық-гигиеналық мониторингілеуді ұйымдастыру. 14.00.33 – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау.

Дәреже тағайындалған жыл: 2009 ж.

 

50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, олардың 15-і жақын шетелдің халықаралық баспаларында, Казақстанда, Ресейде өткізілетін конференциялар мен симпозиумдардың материалдарында. 

Наградалар: 

1. Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, 2015

2. «Медицина қызметкері күніне орай, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі және осы саладағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін» Құрмет грамотасы, 2016

 

Бөлім қызметкерлері

№ 4 Диспансерде өткізілетін генетикалық зерттеулердің бастауында 1962 жылдан бастап 1990 жылға дейін зертханаға басшылық еткен Степучева Маргарита Владимировна тұрды. 1990 жылдан кейін радиобиология бөлімінің меңгерушісі болып Н.Ж. Чайжунусова тағайындалды.

Қазіргі уақытта бөлімде 7 адамнан тұратын білікті қызметкерлер құрамы жұмыс істейді. Олардың 2-інің медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар. 

 

Негізгі ғылыми бағыттар

• жүрек-қантамыр патологиясы (MTHFR, PON, AGT) мен қатерлі жаңа өсінділердің (BRCA, P-53) даму қаупінің генетикалық маркерлерін зерттеу,

• перифериялық қан лимфоциттеріндегі тұрақты және тұрақсыз аберрацияларға адам ағзасына мөлшерлік жүктемені бағалауға мүмкіндік беретін цитогенетикалық талдау жасау

        2009 жылы 15 желтоқсанда «Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау, пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2134 Қаулысымен Радиациялық медицина және экология ҒЗИ-да молекулалық-генетикалық зертхана негізінде Семей ядролық полигонындағы ядролық қару сынақтарының нәтижесінде иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен биоматериалдарының ұлттық банкі құрылды.  

 

Қан мен биоматериалдардың ұлттық банкін құру мақсаты иондаушы радиация әрекетінің уақыт өткеннен кейінгі салдарына популяциялық деңгейде  заманауи генетика мен даму үстіндегі аса сезімтал молекулалық-генетикалық технологиялардың жетістіктерін қолдану арқылы баға беру үшін, халық денсаулығын болжау және алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанның радиацияға ұшыраған халқы мен олардың ұрпақтарының генетикалық және биологиялық материалдарын сақтау болып табылады.

 

Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде көп факторлы ауруларға бейім гендердің (жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларының кандидат гендері) полиморфтық нұсқаларының кең спектрінің патологиялық жай-күйлер қатарын (гипертрофиялық аурулар, ЖИА, тромбоздар) анықтауда пайдаланылуына баға берілді. Ағымдарының ерекшеліктері және патогенетикалық сандық маңызды белгілердің өзгергіштігі анықталды. Генетикалық маркерлердің аурулармен байланысының құрылымы бір мезгілді патологияның болуымен модификацияланатыны көрсетілді.

Қоршаған ортаның, соның ішінде иондаушы сәлеленудің мутагендік факторларының айрықша ақпараттық және сезімтал маркерлері цитогенетикалық көрсеткіштер, атап айтқанда перифериялық қан лимфоциттеріндегі хромосомдық аберрациялар болып табылатыны дәлелденді.