ҒЗМБ (ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі)

 Жетекші

БЕЛИХИНА ТАТЬЯНА ИВАНОВНА

Медицина ғылымдарының кандидаты

 

ti

 

2000 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі факультетінде аяқтады, алған мамандығы – психиатр-нарколог.

 

Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Иондаушы радиацияның тікелей сәулелендіруіне ұшыраған халық ұрпағының денсаулығының қалыптасу ерекшеліктері» 14.00.07 гигиена мамандығы бойынша.

Дәреже тағайындалған жыл: 2007 ж.

 

80-нен астам ғылыми мақалалардың авторы, олардың 11-і халықаралық баспаларда, соның ішінде алыс және жақын шетелдің беделді баспаларында, Казақстанда, Жапонияда, Ресейде, Ұлыбританияда өткізілетін конференциялар мен симпозиумдардың материалдарында.

Наградалар: 

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы «Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі көпжылғы мінсіз адал еңбегі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі күніне орай» атты құрмет грамотасы.

2. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, 2014

 

Бөлімнің тарихы

1960 жылы №4 Диспансердің бас дәрігері А.А. Смирновтың басшылығымен Диспансердің медициналық бөлімі құрылды. Бөлім қызметкерлері полигонға іргелес әртүрлі аудандардың халқына медициналық тексерулер жүргізеді. Бөлім радиациялық факторлардың Семей полигонының әсер ету аумақтарында тұрып жатқан халықтың денсаулығына ықпалын зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. 

 

Семей полигоны қызметінің медициналық салдарын зерттеу бойынша зор үлесті Диспансердің, бұдан кейін ғылыми-зерттеу институтының Н.И. Каймак, Б.И. Гусев, Т.О. Бухтиярова, В.М. Гольцер, Н.А. Бухтияров, Г.Г. Каврецкий, Л.М. Понамарев, Н.С. Ибраев, В.И. Гноевых, Б.В. Галич, Р.И. Розенсон сияқты ғылыми қызметкерлері қосты.

 

Қазіргі кезде бөлім құрамына: биостатистика және клиникалық эпидемиология, дәлелді медицина және патенттік-ақпараттық жұмыс секторы және инновациялық даму секторы кіреді.

 

Қызметкерлер

 

Қазіргі кезде бөлімде 12 адамнан тұратын білікті қызметкерлер құрамы жұмыс істейді. Олардың 1-і медицина ғылымдарының докторы, және 3-і медицина ғылымдарының кандидаты. 

 

Зерттеу аясы:

  • Халық пен олардың ұрпақтарына тура және жанама радиациялық әсердің байланысын бағалау критерилерін әзірлеу. 
  • Популяциялық деңгейде иондаушы сәулеленудің клиникалық-эпидемиологиялық маркерлерін онкологиялық және соматикалық аурулар бойынша анықтау және оларды мөлшерлік жүктемелерге байланысты ранжілеу.
  • Радиациялық және радиациялық емес факторлардың адам ағзасына бір мезгілді әсерін бағалау. Бақыланатын халықтың соматикалық және онкологиялық сәулелену әсерлері бойынша радиациялық қауіптерді есептеу және бағалау.
  • Ядролық полигондар қызметінің салдарын төмендету бойынша орташа және ұзақ мерзімді бағдарламаларды әзірлеу.
  • Радиоэкологиялық жағымсыз жағдайда тұрып жатқан халықтың денсаулық жағдайының медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайтын клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша дерекқор қалыптастыру. 
  • Әртүрлі диапазондағы мөлшерде сәулеленуге ұшыраған халық бойындағы радиациялық ықпалдың соматикалық әсерлерін бағалау.
  • Иондаушы сәлеленудің биологиялық маркерлерін іздеу. Сәулеленуден кейінгі уақыт өткеннен кейінгі әсерлерді қалыптастырудың патогенетикалық механизмдерін зерттеу.
  • Зардап шеккен халықты емдеудің, алдын алудың және оңалтудың тиімді әдістерін әзірлеу. 

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

«Сәулеленуге ұшыраған адамдардың ұрпақтары арасындағы радиациялық-индукцияланған әсерлерді кешенді медициналық-генетикалық индикациялау және алдын алу әдістері» ҒТБ (тапсырыс беруші ҚР ДСМ). Мерзімдері: 2010-2012 жылдар. 

«Иондаушы сәулеленуге ұшыраған және Шығыс Қазақстан облысында өзін-өзі өлтіру әрекеттерін жасаған адамдарды эпидемиологиялық зерттеу» ҒЗЖ (01.11.2011 – 31.12.2011 ж.) Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығымен бірге.

«Халық денсаулығы үшін жағымсыз әсерді болдырмау экологиялық қаупін төмендетудің ғылыми-негізделген технологияларын әзірлеу» ҒТБ (Семей қ. Мемлекеттік медицина университетімен бірге). Іске асыру мерзімі: 2012-2014 жылдар.

«Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтардың халқы бойынша проспективтік когорттық зерттеу» гранты (Қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттікпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының агенттігімен бірге. (01.04.2013 – 31.03.2015)). 

Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» РМК-мен «Ядролық сынақтардың салдарын бағалау үшін Азғыр өңірі халқының мөлшерлік жүктемелерін реконструкциялау» ҒЗЖ орындау туралы шарт. (2013 жыл).

Норвегия халықаралық қатынастар институтымен (The Norwegian Institute of International Affairs) «Семей ядролық полигонының гуманитарлық салдары» жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім (2013 жыл).