Білімі:
Семей мемлекеттік медицина институты (1992-1998). Факультет: емдеу ісі. Мамандығы: психиатр-психотерапевт дәрігер.
Ғылыми атақтары:
Медицина ғылымдарының кандидаты - 2009 жыл. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Семей өңірі жастарында депрессивтік синдромы дамуының нейрофизиологиялық ерекшеліктер» 03.00.13 – физиология
Еңбек жолы:
1998-2000 – Семей мемлекеттік медицина институтының клиникалық фармакология, психиатрия кафедрасында клиникалық ординатура.
2002-2005 – «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-да психотерапевт дәрігер, Семей қ.
2005-2006 – Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері.
2006-2010 – Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының компьютерлік бағдарламалау бөлімінің меңгерушісі.
03.2010 – Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелім бөлімінің меңгерушісі.
10.2010 – Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары.
07.2011 – Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары.
06.2019 – «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының директоры
70-тен астам ғылыми мақаланың авторы, соның 11-і халықаралық баспаларда, оның ішінде алыс және жақын шетелдің беделді баспаларында, Қазақстанда, Жапонияда, Ресейде, Еуропада өткізілетін конференциялар мен симпозиумдардың материалдарында.
Наградалары:
1. Семей қ. Әкімі Ә. Кәрімовтың грамотасы «Денсаулық сақтау саласындағы жемісті жұмысы, халыққа медициналық қызмет көрсетуге қосқан үлесі үшін және Медицина қызметкері күніне байланысты» 2011 ж.
2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, 2014 ж.
3. Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, 2015 ж.
4. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медаль, 2016 ж.
