10-шы халықаралық ғылыми-практикалық конференция
29 тамызда Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында Б. Атшабаров атындағы «ЭКОЛОГИЯ. РАДИАЦИЯ. ДЕНСАУЛЫҚ» Х-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік» №1 секция өтті.
Секцияда 6 баянадама тыңдалды:
- А.А. Әбілтаева, ММУ PhD докторанты, Семей қ., «Сүт безінің метастатикалық қатерлі ісігі: заманауи сәулелеі және ядролық диагностикалаудың оңтайлы алгоритмін іздеу».
- А.С. Байсалбаева, ММУ PhD докторанты, Семей қ., «Modern aspects in radiotherapy of breast cancer».
- Ж.К. Заманбекова, м.ғ.д., ММУ профессоры, Семей қ., «Радиациялық сәулеленуге ұшыраған аудандар тұрғындарындарының қалқанша безіндегі түйінді өскіндердің жиілігі»
- А.М. Марқабаева, ММУ PhD докторанты, Семей қ., Қазақстан. «Семей ядролық полигоны нәтижесінде радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың қанайналым жүйесі аурулары».
- Т.И. Белихина, м.ғ.к., Радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Семей қ., Қазақстан. «Қазақстан халқы арасында тиімді эквиваленттік сәулелену мөлшерлерінің қалыптасуынан кейінгі алыс мерзімдерде психикалық бұзуылулардың таралушылық динамикасы».
- Т.М. Молдағалиев, ММУ PhD докторанты, Семей қ., Қазақстан. «Жоғары радиациялық қауіп жағдайларында тұрып жатқан халықтың ақпараттық-психологиялық қауіпсіздігі».
Секцияның модераторы Жапонияның Хиросима қ. Хиросима Университетінің Радиация, биология және медицина зерттеу институтынан келген Масахару Хоши болды.











Comments (0)