Elsevier компаниясының семинары
2014 жылғы 22 қазанда Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында Elsevier компаниясының Қазақстандағы өкілі – Индира Басқынбекқызы Үсентаева Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен бірлесіп «Elsevier компаниясының Science Direct, Scopus сияқты ең жақсы әлемдік ресурстарын енгізу және практикалық қолдану» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың тематикасы:
1.Таңдалған тақырып бойынша мақалаларды іздеу;
2.Іздеу нәтижелерін қарау;
3.Іздеу шарттарын нақтылау. Іздеу нәтижелерінің егжей-тегжейлі көрсетілуі;
4. Scopus, Science Direct жүйелері бойынша навигация;
5.Жаңа пәндік салаларды қарау;
6.Дәйексөздер алуды қадағалау және Хирш индексін анықтау;
7.Авторларды сәйкестендіру және олар туралы ақпарат іздеу.
Семинарға институттың ғылыми қызметкерлері қатысты.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтына осы ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға рұқсат берді.









Comments (0)