Хиросима университеті ғалымдарының Радиациялық медицина
Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың нәтижесінде зардап шеккен халықтың әлеуметтік-психологиялық салдарын зерттеу бойынша жобаның аясында Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтына Хиросима Университетінің Бейбітшілікті зерттеу институтының (Institute for Peace Science Hiroshima University) директоры Noriyuki KAWANO келді. Зерттеулерді 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Хиросима университетінің Бейбітшілікті зерттеу институты (Жапония) Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтымен (Қазақстан) бірлесіп жүргізіп келеді. Сапар барысында зерттеудің және конструктивті және жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ ғалымдар өздерінің Жапонияда жүргізген осыған ұқсас зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.









Comments (0)