2018 жылғы 29 наурызда Семей қаласында жергілікті масштабта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 2018 жылғы 04, 10 сәуірде
2018 жылғы 29 наурызда Семей қаласында жергілікті масштабта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 2018 жылғы 04, 10 сәуірде Семей қаласындағы ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы су тасқынынан зардап шеккен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қаржылық көмек көрсетті.
Осы шараларға еріктілер және Қызыл Жарты Ай қоғамының қатарындағы ҚР ДСМ «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Қызметкерлер (еріктілер және Қызыл Жарты Ай қоғамының мүшелері) қаланың су тасқынынан зардап шеккен аудандарында үй-үйді аралады, сондай-ақ халықты қажетті құжаттар тізбесі туралы хабардар етті, су тасыны нәтижесінде зардап шеккен халыққа одан әрі қаржылық көмек көрсетуге қажетті құжаттарын тіркеуді жүргізді.









Comments (0)