2013 жыл бойынша рейтинг
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық ғылым ұйымдары мен медициналық ЖОО-ын ранжілеу нәтижесінде 2013 жыл бойынша ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша:
- барлық 33 медициналық ғылым және білім беру ұйымдары арасында Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты 6,4 ұпай сомасымен 2-орында (1-орын 6,7 ұпай – КЗЖҚҒО, 3-орын 1,6 ұпай – НМӘПРҒПО)
- клиникалық бейінді 20 медициналық ғылым ұйымдары арасында РМжәнеЭ ҒЗИ 1-орында.
Рейтинг бірқатар көрсеткіштерді ескереді:
- Орындалатын ғылыми зерттеулер көлемі
- Ғылыми ақпаратың беделді дерекқорларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын ғылыми баспалардағы (Web of Knowledge, Scopus, Springer, РҒДИ) басылымдар саны
- Соңғы 5 жылда ғылыми жұмыстардан дәйексөз алу (2009-2013)
- Алынған патент және өзге де қорғалатын құжаттардың саны
- Ғылыми зерттемелер саны
- Ғылыми зерттемелер мен инновацияларды коммерцияландыру және жаңа білімдер мен технологияларды денсаулық сақтау жүйесіне трансляциялау деңгейі
- Ұйым қызметкерлері мен оқушылардың халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу деңгейі
24 april 2014









Comments (0)