СЯСП-ның әрекеті нәтижесінде иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған халыққа

ҚР ДСМ Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мемлекеттік тапсырма шеңберінде («Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» ММ-мен шарт бойынша) 2017 жылдан бастап «Семей ядролық сынақ полигонының әрекеті нәтижесінде иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған халыққа арналған қорғау және оңалту шараларының тиімділігін бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу» тақырыбында аналитикалық зерттеу жүргізіп жатыр. Семей ядролық сынақ полигонының әрекеті нәтижесінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының халқы мен олардың ұрпақтарын медициналық-әлеуметтік қорғаудың атаулық қағидатының іске асырылуын бағалау, сондай-ақ осы халық санатына арналған қорғау және оңалту шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу жоспарланып отыр. Зерттеу 3 жылға созылады.  

05 december 2017

Comments (0)