2017 жылы 013 «Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері 013 «Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Өмір мен денсаулық туралы ғылым», «Қоғамдық денсаулық негізі ретінде профилактикалық ортаны қалыптастыру» бағытында «Қазақстан Республикасының экологиялық жағымсыз аумақтарында тұрып жатқан халықтың экологиялық жүктемесін төмендетудің, медициналық қамтамасыз етудің, әлеуметтік қорғау мен сауықтырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» тақырыбы бойынша орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бағдарламаны іске асыру мерзімі 2017-2019 жылдар.  

Ағымдағы жылы зерттелетін аумақтардың жағымсыз техногендік және экологиялық қауіп факторларының көлемі мен сипатын бағалау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталады. Радиациялық жағдайға ретроспективтік талдау жүргізілді, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қ., Май ауданының Ақжар а. және Павлодар облысының Ақсу қ. қазіргі экологиялық жағдайының радиациялық көрсеткіштеріне баға берілді. Қоршаған орта объектілері мен адам биосубстраттарындағы радиоактивті элементтердің мөлшері өлшенді. Сонымен қатар, зерттелетін халықтың денсаулық жағдайын бағалау мақсатында зерттеу топтары құрылды, зерттеуге енгізілген адамдар және олардың ең жақын туыстары үшін дербес мөлшерлік жүктемелер көшірмеленіп, есептелді, зардап шеккен халықтың Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелімінің дерекқоры ақпаратпен толықтырылды. Тіркелімнің қолданбалы мәні қоғам денсаулығының деңгейін сипаттайтын жағдайдың дамуының негізгі заңдылықтарын белгілеу мақсатында, радиацияға ұшыраған аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған заманауи емдеу-алдын алу стратегиясын әзірлеу үшін нақты аурулардың дамуының қауіп топтарын құруға, демографиялық жағдайды, сырқаттанушылық пен өлім-жітім үрдісін мониторингілеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2016 жылы Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелім дерекқорын «MELODI» ақпараттық платформасымен біріктіру жүргізілді. «MELODI» -  Мультидисциплиналық төмен мөлшерлік ақпараттық бастама – зерттеулер мен иондандырушы сәулеленудің төмен  мөлшерлері әсерінің медициналық салдарын түсіну мәселелері бойынша еуропалық бастамалар консолидациясы. Қазақстан – Орта Азия елдерінің алғашқы өкілі.  

11 december 2017

Comments (0)